Айдар парағына өту

ҚР студенттеріне мемлекеттік стипендиялар мөлшері және түрлері Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 11.05.2023

кітаптар және бітіруші бас киімі

«AMANAT» партиясының  «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» 2021-2025 жылдарға арналған жол картасының аясында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап стипендия мөлшерін көтеру жоспарланып отыр.

Бакалаврда оқитын студенттердің степендиясын  20% - ға (36 660 теңгеден 41 898 теңгеге дейін, педагогикалық ғылымдар 58800 теңгеден 67200 теңгеге дейін) дейін арттыру көзделген, іс-шараны іске асыруда бюджеттен  39,4 млрд.теңге қаражат көзделген.

Магистранттар мен докторанттар степендиясының мөлшерін 15% - ға  көтеру (86 987 теңгеден 97 024 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 195 000 теңгеден 217 500 теңгеге дейін) қарастырылған. Іс-шараны іске асыруда  бюджеттен 15,2 млрд.теңге қаражат көзделген.

Жұмыс 2020 жылдан бастап жүргізіліп жатыр, Жол картасына сәйкес стипендия 2025 жылға қарай екі есеге ұлғайтылады.

2023 жылғы қыркүйекте ЖОО студенттеріне стипендия мөлшерін көтеру жоспарлануда:

1) Даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың »Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге 36660 теңгеден 41898 теңгеге дейін

2) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша оқитын студенттерге 58800 теңгеден 67200 теңгеге дейін;

3) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге 58800 теңгеден 67200 теңгеге дейін;

4) интерндерге 61660 теңгеден 75890 теңгеге дейін;

5) магистранттарға 86987 теңгеден 97024 теңгеге дейін;

6) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға - 162500 (бір жүз алпыс екі мың бес жүз) теңге;

7) докторанттарға 195000-нан 217 500 теңгеге дейін;

8) даярлаудың »Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға 1 195000-нан 217 500 теңгеге дейін;

9)  даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға100036 теңгеден 111 579 теңгеге дейін;

10)   мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен емес;

11) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге 21787 теңгеден 31422 теңгеге дейін.»

Бакалаврларға 20% - ға (36 660 теңгеден 41 898 теңгеге дейін, педагогикалық ғылымдар 58800 теңгеден 67200 теңгеге дейін)көтеру көзделген, іс-шараны іске асыру үшін бюджеттен  39,4 млрд.теңге қаражат көзделген.

Магистранттар мен докторанттарға 15% - ға (86 987 теңгеден 97 024 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 195 000 теңгеден 217 500 теңгеге дейін) көтеру көзделген. Іс-шараны іске асыру үшін 15,2 млрд.теңге қаражат көзделген.

Іске асыру үшін «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірлендіЖоба 133 мыңнан астам студенттің табысын арттырады. 

2024-2026 жылға бюджет жобасына стипендия мөлшерін көтеруге арналған сомалар толық көлемде мәлімделді (2026 жылға 131,3 млрд. теңге сомасында)

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.