Айдар парағына өту

Қазақстандағы жарнама қызметі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 20.05.2020

Сонымен сіз жарнама агенттігін ашуға бел будыңыз – неден бастау керектігі туралы сұрақ туындайды? Жарнама агенттігін тіркеу бизнесті тіркеудің басқа түрлерінен еш ерекшеленбейді. Жарнамаға рұқсат керек пе, жоқ па ол жарнаманың түріне, қандай салада көрсетілетініне байланысты. Осы мақалада Қазақстандағы жарнама қызметі, оның түрлері туралы айтамыз. Рұқсатты қажет ететін жарнама түрлері, шектеулер тобы туралы сөз қозғайтын боламыз.

Жарнамаға негізгі талаптар

Біздің қазіргі өмірімізді ашық жарнамаларсыз елестету мүмкін емес. Олардың көптігі соншалықты, біз олардан кейде шаршаймыз да, себебі олар барлық жерде. Бірақ біздің өмірімізді жарнамасыз елестетіп көріңізші. Онда біз әлем жетістіктерінен бейхабар болар едік. Мәдениеттегі, ғылымдағы, индустриядағы қандай да бір жетістіктер, біздің өміріміздің барлық саласындағы кез келген жаңалықтар көлеңкеде қалар еді. Тіпті кез келген сайлаулар, жарнамасыз қажетті деңгей мен нәтижеге жетпес еді. Осылайша жарнаманың көмегімен жетістіктер туралы білуге болады, сондай-ақ өз қызметтерін, жұмыстарды жылжытуға және ақша табуға болады.

Егер Қазақстандағы жарнама туралы айтатын болсақ, онда жарнамалық қызмет «Жарнама туралы» Заңмен реттеледі.  Жарнама қазақ және орыс тілдерінде, жарнама берушінің қалауы бойынша басқа тілдерде де таратылуы тиіс. Жарнама аудармасы оның мағынасын бұрмаламауы тиіс.

Өндірісі мен өткізілуіне тыйым салынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер жарнамалауға жатпайды. Ал егер осы жарнама түрі лицензиялауға жатпаса, лицензия нөмірін және лицензияны берген жауапты органды көрсету қажет.

Лицензиялау процестерін, рұқсат құжаттарын автоматтандыру мақсатында «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» Ақпараттық жүйесі құрылды.Толығырақ Қазақстандағы Электрондық лицензиялау мақаласынан толығырақ оқи аласыз.

ҚР заңнамасына сәйкес елдің заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.

Теле және радио реклама

Теле және радио бағдарламалардағы жарнама пәрменді және тиімді болып табылатын жарнама түрлерінің бірі. Жүгірме жолды қоспағанда, жарнаманың осы түрі тәулігіне хабарлаудың жалпы көлемінен 20% аспауы тиіс.

Жарнама дауысы трансляцияланатын бағдарламаның дауысынан қатты болмауы тиіс.

Трансляциялар, ресми хабарламалар, ҚР Президентіне үміткерлер және өкілдік органдардың депутаттарының сөздері, ресми хабарламалары, білім және діни бағдарламалар кезінде жарнамамен, жүгірме жолмен үзуге тыйым салынады.

Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

Медициналық қызметтер, әдістер және құралдар, емдеу және медициналық сауықтыру, дәрілер, медициналық бұйымдар және медициналық техникалар, ББЗ жарнамасы рұқсат болғанда ғана жүзеге асырылады, жарнама қандай да бір арнайы білімдерсіз түсінікті, анық болуы тиіс. Басқа дәрілермен, медициналық техникамен, ББЗ салыстыруға рұқсат етілмейді. Дәрілік құралдаржарнамасы арнайы медициналық басылымдарда, өзге бұқаралық ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында орналастырылып, таратыла алады. Бірақ рецепттер бойынша жіберілетін, мысалы құрамында есірткі құралдары, психотроптызаттар және прекурсорлар бар дәрілік құралдар жарнамасы медициналық және фармацевтік қызметкерлерге арналған арнайы баспа басылымдарында ғана жүзегеасырылуы мүмкін.

Рұқсаттың қолданыс мерзімі  жарнамаланатын дәрілік құралдарға тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімімен анықталады.

Дәрілер жарнамасы екі түрге бөлінеді:

  • мамандарға арналған;
  • халыққа арналған. 

Жарнамаланатын қасиеттер және дәрілердің сипаттамалары мемлекеттік тіркеуде бекітілген оны медициналыққолдану бойынша нұсқаулыққа сәйкес келуі тиіс.

Сондай-ақ медицинада арнайы рұқсатсыз жарнамалауға болатын материал түрлері бар:

  • медициналық сипаттағы оқу және ғылыми материалдар,әдістемелер, анықтама материалдары, әдістемелер, медициналық сипаттағы ғылымижәне оқу материалдары;
  • медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар,дәрілік құралдар өндіруші жеке және заңды тұлға туралы ақпарат;
  • ғылыми-ақпараттық материал;
  • медициналық және фармацевтік жұмыскерлер арасындатаралатын өнімге халықаралық патенттелмеген немесе сауда атауы, логотипін жасау, ол қаламсаптар, блокноттар, сөмкелер, медициналықхалаттар;
  • денсаулық сақтау ұйымдарын ішкі ресімдеу, плакаттар жәнеесіктегі және сыртқы жарнамалар, витриналардың жарнамалық ақпаратын ресімдеу.

ҚР Заңнамасымен рұқсаттардан басқа жарнамалық ақпарат мазмұнына, оны айту тәсіліне қатысты бірқатар шектеулер көзделген:

  1. ҚР тіркелмеген дәрілікқұралдар жарнамасы;
  2. Дәрігердің рецептісібойынша жіберілетін дәрілік препараттардың үлгілерін жарнамалау мақсатындатарату.
  3. Балалар жарнамасындаолардың суреттері мен дауыстарын пайдалану (балаларға арналғандәрілік құралдардың жарнамасынан басқа).
  4. Көпшілік көлікте,сондай-ақ дәрілік құралдарды жіберуге дәне пайдалануға, тағайындауға қатысы жоқдәрілік құралдарды таратуға және орналастыруға.
  5. Плакаттар, стендтер,жарық таблосы, билбордтар, транспаранттар, афишалар  және жарнаманы өзге стационарлық орналастыруобъектілері түрінде ұсынылған дәрілік құралдар сыртқы (визуалды) жарнамасын орналастыру.
  6. Науқастарды хабардар етумақсатымен, білім және ғылым мақсатымен дәрілік құралдар туралы ақпараттытарату жағдайларын қоспағанда жарнама таратушылар ретінде дәрілік құралдардытағайындауға уәкілетті медициналық қызметкерлерді пайдалануға;
  7. Жарнамаға рұқсат жәнеқызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға лицензия болмағанда дәрілік құралдар жарнамасы.

Жарнама туралы заңнаманың бұзылуы үшін жауапкершілік

ҚР аумағында хабарлауды жүзеге асыратын барлық телеканалдар негізгі заңнамалық актілерді сақтауға міндетті –  Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң, «Жарнама туралы» Заң, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң, сондай-ақ жарнамалаудың нақты объектісін жарнамалау мәселесін реттейтін өзге нормативтік-құқықтық актілер.

«Жарнама туралы» Заңға сәйкес жарнама таратушы – мүлікті пайдалану және ұсыну жолымен жарнамалық ақпаратты, соның ішінде радио және телевизиялық хабарлаудың техникалық құралдары және өзге тәсілдермен  тарату және орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Жарнама берушінің, өнім берушінің және өнім таратушының жауапкершілігі «Жарнама туралы» Заңның 20-бабында көзделген.

Жарнамаға қандай жағдайдарда тыйым салынады?

Келесіні жарнамалауға тыйым салынады:

  • этил спирті және алкоголь өнімі;
  • емшек сүтін алмастырғыштар;
  • сәйкестігі міндетті расталуға жататын, сәйкестігін растаудан өтпеген тауарлар (жұмыстар, қызметтер);
  • темекі және темекі бұйымдары;
  • түрлі іс-шаралар түрінде, соның ішінде алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойындары, лотереялар;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметі.
  • алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жарнамасы.
  • сәйкестікті растау бойынша қызмет көрсетуді ұсынатын ұйымдардың жарнамасы.

Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдаланумен байланысты қаржы (соның ішінде банктік), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетілетін қызметтердің жарнамасын өндіру, тарату, орналастыру кезінде келесіге тыйым салынады:

  • жарнамаланатын қызметтер немесе бағалы қағаздарға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге;
  • жай акциялар бойынша табыс алуға және дивидендтер мөлшеріне кепілдік беру;
  • эмиссиясын тіркеусіз, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясын тоқтата тұру немесе өткізілмеді деп тану кезінде бағалы қағаздарды жарнамалау;
  • қызметінің болашақтағы тиімділігі (кірістілігі) туралы кез келген кепілдіктер немесе ұсыныстар ұсыну, оның ішінде бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуін жариялау арқылы;
  • жарнамада ескертілгенкелісім-шарттардың кез келген елеулі шарттарын жасыру;
  • басқа жеке тұлғаларды белгілі бір кәсіпорынның қызметіне немесе сол кәсіпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебінен өз табысын немесе пайдасын алуға жеке тұлғаларды шақыратын кәсіпкерлік қызмет түрлерін жарнамалау;
  • үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттан сот шешімімен айырғаннан кейін тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) жарнамалау;

Сыртқы (визуальды) жарнама

Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру жылжымалы және жылжымайтын объектілердегі жарнама құрылыстарындағы жазбалар және жарнама суреттерін түсіру және көрсетудің өзге тәсілдерімен және афишалар, көрсеткіштер, билбордтар, жарық таблолары, стендтер, флагтар, транспаранттар, плакаттар түрінде жүзеге асырылады.

Сыртқы (визуалды) жарнама объектілеріне жарнаманың келесі объектілері жатпайды:

  • маңдайша жазу;
  • жұмыс режимі туралы ақпарат;
  • келесі сипаттағы визуалды сыртқы қабылдауға арналған терезелер мен витриналарды сыртқы немесе ішкі ресімдеу:
  • тауар өнімінің үлгілері;
  • жеке индивидуализациялау құралдары;
  • декоративті және мерекелік ресімдеу;
  • автокөліктерге жанармай құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағасы, сатушының атауы мен логотипі көрсетілген ақпараттық табло;
  • қолма-қол шетел валютасын теңгеде сатып алу және сату курстары туралы мәліметтер бар ақпараттық стенд.

Сыртқы (визуалды) жарнама жолдың көлік-пайдалану қасиеттерін төмендетпеуі, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаның талаптарын бұзу жол белгілері және көрсеткіштерімен ұқсас болуы, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлату, жолды пайдаланушылардың көздерін қарықтыру.

Республикалық және облыстық маңызы бар жалпы пайдалану автокөлік жолдарындағы жолақта жарнаманы стационарлық орналастыру объектілеріне сыртқы (визуалды) орналастыру үшін салық заңнамасымен белгіленген мөлшерде және тәртіпте төлем алынады.

Тарих және мәдениет, мәдени объектілер аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ерекше  сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады. Уәкілетті органдар өтінішті алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат немесе негізді бас тартумен жазбаша жауап беру.      

Көлік құралдарындағы жарнама

Көлік құралдарында жарнаманы тарату, орналастыру, тарату осы мүлікке өзге заттық құқықтарға ие адамдарға қатысты өзгесі көзделмесе шартпен немесе заңмен, көлік құралдарына ие адамдармен көлік құралдары иелерінің шарттары негізінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелерін сақтаумен жүзеге асырылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.