Айдар парағына өту

Армениядан автокөлікті қалай тіркеуге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.09.2020

Мүдделі мемлекеттік органдар Үкіметтің Қаулысы шеңберінде (20.05.2020 жылғы № 306) Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанға әкелінген басқару органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда.

Үкімет аталған автомобильдерді тіркеу мерзімін 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартты (Үкіметтің 2020.09.02 №553 Қаулысы).

Ағымдағы жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығындағы кезеңде ІІО тіркеу шарттарына сәйкес келетін 14 мыңнан астам (14 343) автомобиль есепке қойылды.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен 16 қыркүйекте дейін есепке 842 автомобиль қойылды.

Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігі басқару органдары оң жақтан сол жаққа ауыстырылған автомобильдер бөлігінде сынақ зертханаларының санын ұлғайту және тиісті аккредиттеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда.

Бүгінгі күні көлік құралы конструкцияларының қауіпсіздігін тексеру хаттамаларын беруге аккредиттеуден Алматы, Қостанай, Орал және Петропавл қалаларында сынақ зертханалары бар, сынақтардың оң хаттамасын алғаннан кейін қайта жабдықталған 800-ден астам автомобиль қазақстандық есепке тіркеуден өтті.

Мұндай автомобильдерді тіркеу жұмыстары жалғасуда.

Автокөлікті уақытша тіркеу үшін не қажет

Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасына әкелінген басқару органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу үшін иелері төмендегілерді ұсынады:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін алымды және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баждарды төлеу туралы құжаттар;
  3. Армения Республикасының уәкілетті органында берілген көлік құралдарына КҚТК және МТНБ;
  4. 018/2011 КО ТР 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік немесе «Автомотокөлік құралдары. Конструкцияға өзгерістер енгізу. Жалпы ереже және техникалық талаптар» (бұдан әрі – көлік құралы конструкциясын тексері хаттамасы). Сәйкестендіру нөмірінде
    17 белгіден кем белгі болған жағдайда (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 Бұйрығының 16-1-тармағының талаптары) ратификациялауға жатады.)

Үкіметтің қабылданған қаулысы аясында автомобильді тіркеу құны (20.05.2020 №306) 11 946 теңгені құрайды, оның ішінде тіркеу үшін алым – 695 теңге (0,25 АЕК), техпаспорт үшін баж – 3 473 теңге (1,25 АЕК), мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге (2,8 АЕК).

Салықтарды, баждар мен алымдарды төлеу

Кәдеге жаратуға арналған ақысын төлеу

Көлік құралына қойылатын талаптар

Автокөлікті тұрақты тіркеу үшін не қажет

Тұрақты есепке уақтылы қойылмаудың салдары

 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.