Айдар парағына өту

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қосымша сыртқы платформалардан алуға болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 14.09.2021

компьютер мен қолдар

Мемлекеттік онлайн - көрсетілетін қызметтерге тегін қолжетімділіктің болуы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Қазпочта» АҚ, екінші деңгейдегі банк, Бірінші кредиттік бюро кеңсесінің сыртқы платформаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн алуға болады, сондай-ақ кейбір көрсетілетін қызметтер мен сервистерді EgovMobile мобильдік қосымшасында, Egovkzbot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік желілерінде пайдалануға болады.

Дербес несие есебін алу

*Бірінші кредиттік бюро сайты немесе 1CB.kz мобильді қосымша арқылы (ЭЦҚ талап етіледі) Дербес несие есебін алу онлайн көрсетілетін қызмет алу арқылы несие тарихыңызды тексеруге болады. Өтінімді толтырыңыз, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қойыңыз және нәтижені «Көрсетілетін қызметтерді алу тарихы» бөлімінде көре аласыз.

Оффлайн режимде көрсетілетін қызмет жеке куәлігін ұсыну кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалдарында және «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде көрсетіледі.

*Коронавирустық пандемияға байланысты Бірінші кредиттік бюроның кеңсесінде жеке тұлғаларға офлайн режимінде қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты.

Екінші деңгейдегі банктерде мобильді қосымшалар арқылы төлем жасау

Екінші деңгейдегі банктерде (Halyk Bank, Kaspi Bank, Альфа-Банк) ЖК онлайн ашу бойынша сервис (жеке кәсіпкерлік) жүзеге асырылды.

Мобильдік қосымшалар арқылы екінші деңгейлі банктерде (Halyk Bank, Kaspi Bank, Сбербанк) салық төлемдерін ыңғайлы төлеу, айыппұлдарды (ЖҚЕ, сот берешектері, әкімшілік айыппұлдар) тексеру және төлеу қолжетімді, Қазпошта сайтында әлеуметтік төлемдерді де төлеуге болады.

Ағымдағы күні цифрлық құжаттар сервисінің мынадай ақпараттық жүйелермен интеграциясы іске асырылды:

  • «Kaspi Bank" АҚ,
  • Нұр - Сұлтан, Алматы қалаларының әуежайлары,
  • «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ,
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ,
  • БНАЖ (бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе).
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.