Айдар парағына өту

Мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық резерві Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

Мемлекеттiк қызметшi – бұл мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Кадрлық резерв дегеніміз не?

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві – «А» корпусының бос не уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылып, жүйеленген тізімі.

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Арнайы біліктілік талаптары қойылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығы).

«А» корпусы үш санаттан тұрады:

  1. жауапты хатшылар және аппарат басшылары;
  2. комитеттердің төрағалары;
  3. облыстар, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттарының басшылары.

«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне кадрлық резервке іріктеуді кемінде екі жылда бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асырады.

«А» корпусының кадрлық резервіне іріктеу туралы хабарландыруды мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) интернет-ресурста және оны анықтайтын мерзімді баспасөзде жариялайды.

«А» корпусының кадр резервіне іріктеу бірнеше кезеңдерден тұрады:

1) «А» корпусының кадрлық резервіне таңдау туралы хабарландыру жариялау;
2) «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы кандидаттардың құжаттарын қабылдау және қарау;
3) кандидаттарды заңнаманы білуге ​​және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу;
4) кандидаттармен әңгімелесу.

Кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар («А» корпусы):

  1. жеке куәлігінің көшірмесі;
  2. уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
  4. нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша «А» корпусының кадр резервіне кандидаттың қызметтік тізімі;
  6. «А» корпусының кадр резервіне кандидатты ұсынған лауазымды адамның немесе ол жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде ресімделген, қолы қойылған күні, кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, оның кәсіби және жеке басының қасиеттері, танысу, қызметтес болу ұзақтығы мен жағдайлары жазылған мінездемесі көрсетілген ұсынымхат (кемінде біреу). Ұсынымхаттың қолданылу мерзімі оған қол қойылған күннен бастап үш айдан аспайды;
  7. өмірбаян;
  8. құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның соттылығы жоқтығы (болуы) туралы анақтама;
  9. Ұлттық комиссияның шешімімен айқындалатын құжаттар.

Кадр резервінен шығару үшін мүмкін болатын себептер

«А» корпусының кадр резервінен шығару үшін:

1) «А» корпусының резервшісінің "А" корпусының кадр резервінен шығару туралы өтініш беруі;

2) «А» корпусының кадр резервінен "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу;

3) «А» корпусының кадр резервіне қабылданғаннан бастап екі жыл өткен соң, кадр резервінде болу мерзімін ұзарту, сондай-ақ «А» корпусының қызметінен босатылған адамды қабылдау жағдайларын қоспағанда;

4) «А» корпусы резервшiсінiң көрiнеу жалған мәлімет беру және құжаттарды бұрмалау фактiлерінің анықталуы;

5) «А» корпусының кадр резервiне алу туралы шешiм қабылдау сәтiнде беймәлiм болған немесе болмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекеттiк қызметте болуын шектейтiн негiздердің туындауы;

6) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің атқаратын лауазымнан теріс себептер бойынша босатылуы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тәртіптік істерді, мемлекеттік органдар өткізген бағалау материалдарын қарау нәтижелері бойынша Ұлттық комиссияның шешімдері;

8) «А» корпусының кадр резервіне алынған адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;

9) «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімінде ұсынылған «А» корпусы лауазымының санатынан (тобынан) екі реттен артық бас тартуы жазбаша негіз болып табылады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.