Айдар парағына өту

Бірыңғай жиынтық төлем – кім төлейді, төлеу мөлшері, мерзімі және тәртібі Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 28.11.2022

көзілдірік және калькуляторБірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не

2019 жылдан бастап Қазақстанда Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді, ол салық органдарында формальды емес жұмыспен қамтылғандар қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейді.

Ол төлемнің төрт міндетті түрін біріктіреді:

  • жеке табыс салығы (ЖТС);
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
  • БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері;
  • міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ мөлшері

2019 жылы бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері:

  • Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК;
  • Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК.

БЖТ кім төлейді

ҚР Салық кодексінің 24-бөлімінің 774-бабына сәйкес, дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар БЖТ төлеушілері болып танылады, олар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келу қажет:

  1. бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;
  2. жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды;
  3. акцизделетін өнімдерді қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетеді және (немесе) салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетін өнімді қоспағанда, өз өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізеді.

Бұл ретте, БЖТ төлеушілері табысының мөлшері жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиіс.

БЖТ қашан және қалай төлеу қажет

БЖТ-ді табыс алынған әр ай үшін жеке-жеке төлеу қажет. Сондай-ақ келесі айларға аванс төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

БЖТ-ді Қазақстанның кез келген банкінің кассаларында, сондай-ақ "Қазпошта" бөлімшелерінде төлеуге болады. Ол үшін өзінің жеке куәлігін көрсетіп, "183" ТТК бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ банктік шотына төлем жүргізу қажет.

ҚР Ұлттық Банкі БЖТ үшін келесі төлем тағайындау кодтарын бөлді – ТТК 183 бірыңғай жиынтық төлемді төлеу кезінде және ТТК 184 қате аударылған/есептелген бірыңғай жиынтық төлем сомасын төлеу кезінде. МТ 102 форматындағы төлем хабарламаларында «OPV» алабында (төлем туралы мәліметтің 70-жолы) «G» әрпі болады.

Бенефициар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Бенефициардың БСН

160440007161

Бенефициардың БСК

GCVPKZ2A

Бенефициардың ЖСК

KZ47009ESP0163609911

Төлем тағайындау коды

183

 

БЖТ сомасы салықтар бойынша қалай бөлінеді?

Бірыңғай жиынтық төлем сомасын "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ келесі пропорцияда бөледі:

  • 10% – жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

БЖТ төлеушілердің қандай құқықтар мен кепілдіктер бар?

Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға бірыңғай жиынтық төлемді төлеу:

  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуға;
  • зейнетақы жинақтарын жүргізуге мүмкіндік және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық береді;
  • еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.