Айдар парағына өту

Жеке тасымалдау (такси) Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 05.04.2020

taxi_0.jpgЖеке тасымалдау халық арасында табыстың өте танымал түрі болып табылады. Бір қалаларда жүргізушілермен келісім-шарттар жасайтын ресми такси қызметтерінің тұтас желілері, ал басқаларында – заңды және заңсыз тасымалдаумен айналысатын жеке таксистер басым болуы және дамуы мүмкін. Бұл мақалада біз қалай заңды түрде такси қызметін атқаруға болатыны туралы айтамыз.

Жеке тасымалдаумен заңды түрде табыс табу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Бұл рәсім өте қарапайым және оны онлайн режимінде жүзеге асыруға болады.

ЖК онлайн режимінде қалай тіркеуге болатыны туралы пайдалы материалмен танысыңыз

ЖК тіркей отырып, сіз мемлекеттік кіріс органын жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабардар етесіз.

Келесі қадаммен сіз жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлауыңыз қажет ("Автомобиль көлігі туралы" Заңның 26-бабына сәйкес). Сондай-ақ, хабарламаны онлайн режимінде электрондық лицензиялау порталының онлайн қызметі арқылы жіберуге болады. ЭЦҚ-дан басқа ешқандай құжаттар қажет емес.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығына сәйкес, такси қызметі 2019 жылғы 1 сәуірден бастап ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының болуын талап ететін болады. Яғни таксистің автомобилі жолаушыларға фискалдық чектерді беру үшін бақылау-касса машинасымен жабдықталуы тиіс.

Одан әрі, жол полициясы органдары заңсыз тасымалдаушыларды анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес, тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, бір жыл ішінде қайталап бұзушылық жасаған кезде – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.