Айдар парағына өту

Компьютерде оқу кезінде денсаулығыңызға қалай зиян келтірмеуге болады Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 16.03.2023

Коронавирустық пандемияға байланысты бүкіл әлемнің барлық мемлекеттер білім беру жүйесін қашықтық форматына көшіруге мәжбүр болды. Компьютерде ұзақ отырудың арқасында остеохондроз және омыртқаның қисаюы пайда болуы мүмкін. Бейне монитордың экраны әріптік-цифрлық таңбалар мен белгілердің өлшемдерін ескере отырып, пайдаланушының көзінен 600-700 мм қашықтықта, бірақ 500 мм-ден жақын болмауы тиіс. Компьютерлермен жұмыс жасау кезінде жұмыс орнының негізгі өлшемдері үстелдің шетінің биіктігі және аяқ үшін кеңістіктің биіктігі бойға сәйкестенуі тиіс. Отырғыштарды немесе орындықтарды отыру үшін пайдалану ұсынылмайды.  Ноутбукте және компьютерде жұмыс істеу кезінде бүкіреймеу маңызды. Омыртқаның қисаюының пайда болу себептерінің бірі оқу кезінде де, үстелде жұмыс істегенде де, серуендегенде де дененің дұрыс мүсінін сақтамау болып табылады.

Компьютерлермен және ноутбуктермен сабақ ұзақтығына қойылатын талаптар.

Компьютердің ерте жасында жиі қолданылуы көзді басқаратын бұлшықеттерге кері әсерін тигізіп, баланың белгілі бір тақырыпқа, әсіресе оқу сияқты іс-шараларға зейінін аударуы өте қиынға соғады. Егер бұл орын алса, сізге көзілдірік киюге тура келеді.

Жалпы ұсыныстар – 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне гаджеттерді пайдалану 15 минуттан аспайды.

Оқу сағаты ішінде мектепке дейінгі ұйымдардағы және мектептердегі тікелей компьютерлер мен ноутбуктермен өткізілетін сабақтардың үздіксіз ұзақтығы төмендегілерге сәйкестенеді:

  • мектепке дейінгі ұйымдар мен 1 сыныпта – 15 минуттан аспайды;
  • 2 - 3 сыныптарда – 20 минуттан аспайды;
  • 4-5 сыныптарда – 25 минуттан аспайды;
  • 6-8 сыныптарда – 30 минуттан аспайды;

9 - 11 (12) сыныптарда – 35 минуттан аспайды.

 

Компьютерлермен және ноутбуктермен жұмыс жасау кезіндегі профилактикалық шаралар

Компьютерлермен, ноутбуктермен, планшеттермен тікелей жұмыс жасау ұзақтығы 2 сағаттан аспайды.Жұмыс кезеңінде профилактикалық шаралар қабылданады: әрбір 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар және үзіліс кезінде 45 минуттан кейін дене шынықтыру кідіртіледі.Компьютерлермен, ноутбуктермен, планшеттермен сабақ өткізу ұйқыға бөлінген уақыт, күндізгі серуендеу және сауықтыру іс-шаралары есебінен жүргізілмейді.Жасына қарамастан, екі немесе одан да көп адамның 1 компьютерді, ноутбукті, планшетті бір уақытта пайдалануы ұсынылмайды.Олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болмаса компьютерді, ноутбуктер пайдаланылмайды.Заманауи монитор радиоактивті сәулеленудің көзі болып табылмайды.Жұмысқа кірісер алдында және сабақтардың әрбір академиялық сағатынан кейін өкпек желдету жүргізіледі.Люминесцентті лампалар жасанды жарық беру кезінде жарық көзі ретінде пайдаланылады.Жергілікті жарық беру қондырғыларында қыздыру шамдарын, оның ішінде энергияны үнемдейтін шамдарды пайдалануға рұқсат беріледі.Тамақтануды ұмытпаңыз. Компьютерде жұмыс істеу немесе ойнау көбіне адамның назарын өзіне аударады. Адам мониторда ойлана отырып, бәрін ұмытады оның ішінде түскі асты ұмытып кетеді, олар күні бойы шала-шарпы тамақтана отырып жұмыс істейді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.