Айдар парағына өту

Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ зейнеткерлік төлемдер (жерлеуге және мұрагерлерге) Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 30.11.2021

Жерлеуге арналған біржолғы төлем 

  Заңының 50-бабының 5-тармағына сәйкес Алушы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар және осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ ЖЗШ (Жеке зейнетақы шоты)  бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді. 

Алушы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-тан төленетін зейнетақы төлемдерін (жерлеуге) алу үшін құжаттар тізбесі:

Қайтыс болған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын мұраға алу: 

БЖЗҚ-тан зейнетақы жинақтарын төлеуге құқығы бар адамдар 

Егер жерлеуге бір жолғы төлемді алушы немесе қайтыс болған адамның мұрагері, соның ішінде алушының заңды өкілі/сенім білдірген адам шетелдік болып табылса, онда, Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, сенім білдірген адамның/заңды өкілінің/алушының жеке басын куәландыратын құжат ретінде БЖЗҚ-қа шетелдік, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған және қажет болған жағдайда нотариалды расталған және заңдастырылған паспорт ұсынылады. 

БЖЗҚ сайтында www.enpf.kz мекенжайы бойынша оларды БЖЗҚ-қа ұсыну әдісіне,  рәсімдеуге қойылатын талаптарға байланысты қажетті құжаттардың тізбелері, сондай-ақ өтініштердің бланкілері және төлем валютасына байланысты оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, мемлекеттік органдардың түсіндірмелері орналастырылғаны туралы қосымша хабарлаймыз.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.