Айдар парағына өту

Кемсітушіліксіз еңбекке құқығы Баспаға шығару нұсқасы

Cоңғы өзгеріс: 06.10.2021

Қызметкерлер кездесуде

Жұмыс  берушілердің бос жұмыс орындары туралы хабарландырулары бар сайттар республиканың азаматтары арасында танымал. Интернетте жұмыс іздестіру көп себептер бойынша өте ыңғайлы: бос жұмыс орындары бойынша зор деректер қоры, іздестіру ыңғайлылығыжұмысты делдарларға жүгінбей-ақ, үйде отырып табуға болады. Осыған орай, қазіргі уақытта Қазақстанда  бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларда әлеуетті қызметкерлердің жынысы және жасы туралы талаптарды көрсетуге тыйым салынғаны туралы білу қажет.  

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 б. 1-ші және 2-ші б. сәйкес, әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. «Бұралалық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 14 бабының 3 т. 3-2 т.т. сәйкес, Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар делінген. Сондай-ақ, жұмыс беруші   қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге құқылы емес.   

Алайда, біз бос орындарды іздестіру жөніндегі сайттарда жұмыс берушілер «үміткерге қойылатын талаптар» жолында жасын, жынысын және, тіпті сыртқы түріне ілтипатын да ашық көрсететінін байқаймыз, бұл ҚР ЕК және адамның құқықтарына қайшы келеді. Әрқайсымыз өмірде бір рет болса да жынысы басқа үміткерге артықшылық берілгендіктен, сізді жұмысқа қабылдамаған жағдайға тап болғанбыз. Жұмыс берушілер бұны ауыр дене еңбеігмен байланысты кейбір жұмыстар тек  ер адамдар үшін, ал кей кәсіптер тек әйелдер үшін орынды деп түсіндіреді. Өйткені кез келген жұмыс берушінің негізгі мақсаты – заңды түрде пайда алу. Тиісінше,  оған жоғары еңбек өндімділігі қажет  және оған, шектеулер қоймай, еғұрлым өнімді қызметкерлерді таңдау еркіндігін беру қажет. Олар барлық адамдар үшін бос орын туралы хабарландыру беріп, өзінің және басқа біреудің уақытын босқа кетіруде ешқандай мән жоқ деп есептейді. Бұның да белгілі бір мәні бар, бірақ ол  Еңбек кодексіне қайшы келеді. 

Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге  өзге орындарға жүгінуге құқылы. 

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.