Электрондық қатысу

Байланыс желілерімен қамтуды және АКТ инфрақұрылымын кеңейту

Интернет желісіне жоғары жылдамдықты кең жолақты қолжетімділік азаматтардың электрондық қатысуын қамтамасыз етудің маңызды компоненті болып табылады. Цифрлық алшақтықты еңсеру мақсатында Қазақстан АКТ-ның қолжетімділігін арттыру және телекоммуникациялық инфрақұрылымды, әсіресе шалғай және ауылдық аудандарда кеңейту бойынша үнемі жұмыс істейді.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының "Цифрлық Жібек жолы" бастамасы спутниктік байланыс жүйесін жаңғыртуды, тіпті ауылдық елді мекендерге дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамытуды, транзиттік әлеуетті және цифрлық телерадио хабарларын тарату желісін арттыруды қамтиды.

Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде Интернетке кең жолақты қолжетімділікті ұсыну талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ), сондай-ақ спутниктік технологиялар негізінде жүзеге асырылады. "Цифрлық Қазақстан" шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 1200-ден астам ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу басым жобалардың бірі болып табылады. Қазақстанның ауылдық елді мекендерінің ТОБЖ қамту қазіргі заманғы жоғары жылдамдықты байланыс қызметтерімен 2,1 млн-нан астам адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен жеке ұйымдардың қажеттіліктері үшін ұтқыр байланыстың базалық станцияларының, спутниктік байланыс арналарының жұмысын, сондай-ақ бүкіл ел аумағында теледидарлық хабар таратуды "KazSat" және "KazSat-3" екі байланыс спутнигінен тұратын "KazSat"ғарыштық байланыс жүйесі қамтамасыз етеді. "KazSat-2" аппаратын пайдалану мерзімі 2023 жылы аяқталғандықтан, осы мерзімге "KazSat-2R"ғарыштық байланыс жүйесін пайдалануға беру жөніндегі жұмыстар аяқталатын болады. Бағдарлама 5G ұялы желілерінің жаңа буынын дамытуды да көздейді.

Мұның барлығы Интернетке қолжетімділікті кеңейтуге және белгіленген байланыс инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде азаматтардың электрондық қатысуын кеңейтуге әсер етеді.

Қазақстан қалалары бойынша Wi-Fi рұқсат нүктелері

Қазақстанда смартфондарды пайдалану күн сайын өсіп келеді, бұл электрондық қатысуды кеңейту үшін шынымен де үлкен артықшылық. Смартфонды пайдалану, әсіресе, электрондық қызметтерді белсенді пайдаланушылары ретінде танытатын жастар мен білімді тұрғындар арасында таралған. Өз кезегінде, мобильді девайстарды пайдалану кезінде кең қол жетімді қоғамдық Интернет үлкен рөл атқарады.

Қазіргі таңда Wi-Fi пайдаланудың қоғамдық «нүктелері» Қазақстанның барлық қаласында бар. Wi-Fi технологиясы шағын қашықтықтарда Интернетке қол жеткізуге арналған және бұл ретте өте үлкен жылдамдықпен. Wi-Fi желісі пайдалану «нүктелерінен» қалыптасады. Әрбір «нүкте» айналасында 50-100 метр радиусы бар аумақ пайда болады, ол хот спот немесе Wi-Fi аймағы деп аталады.

Қазіргі уақытта Wi-Fi аймақтарымен оқу орындары мен дәмханалар, қонақ үйлер мен саябақтар, вокзалдар мен әуежайлар сияқты үлкен кеңістіктер қамтылады. Қазір адамға Интернет желісіне қосылу үшін тек смартфон жеткілікті.

Қазақстанда Wi-fiMAP жобасы қалалар бойынша Wi-Fi пайдалану «нүктелерін» іздестіруді қамтамасыз етеді. Жоба ұлттық байланыс операторы - "Қазақтелеком" АҚ тапсырысы бойынша жасалды. Қажетті Wi-Fi пайдалану «нүктелерін» табу үшін тізімнен қаланы таңдау қажет. Рейтинг немесе мекенжай бойынша «нүктелер» тізімінен таңдау жасауға болады.

Әлеуметтік желілер мемлекеттің азаматтармен өзара іс - қимылының құралы ретінде

Қазақстанда ақпарат-коммуникациялық технологиялардың, атап айтқанда смартфондардың таралуымен әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны өсуде. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ шенеуніктер мен депутаттар сырт қалмай, халықпен қарым-қатынас жасау үшін Facebook, Twitter және Instagram-да аккаунттар ашады.

Мұндай платформалар электрондық қатысудың тамаша үлгісі болып табылады, өйткені ой-пікірін қалдыратын азаматтардың нақты дауысын естуге және тез жауап беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Конструктивті диалог құру көптеген мәселені тез шешуге көмектеседі, сондай-ақ азаматтардың сенімін арттырады.

Әлеуметтік желілерде белсенді болатын қазақстандық саясаткерлердің көпшілігі Facebook-ті пайдалануды қалайды. Өздерінің қалдырған пікірлерінде азаматтарды талқылауға қатысуға шақырып, шенеуніктер маңызды қоғамдық тақырыптарды қозғайды, сондай-ақ өздері танытатын мемлекеттік органдардың атынан атынан ақпарат береді және хабарландыру жасайды. Сонымен қатар, кейбір шенеуніктердің беттерінде заң жобаларын талқылау, бейнеүндеу, мәдениет жаңалықтары мен мерекелермен құттықтауларды табуға болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықтың қажеттіліктеріне дер кезінде ден қою үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеуді тапсырды. Президент өзі көп жылдан бері Twitter пайдаланушысы болып келеді, ал жақында Instagram-да ресми бетті ашты. Бұған қоса, Akorda.kz сайтында Президенттің виртуалды қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, ол ең өткір әлеуметтік проблемаларды жедел шешу мақсатында оларды анықтауға көмектеседі.

Партисипаторлық бюджеттеу

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар партисипаторлық бюджеттеуді енгізуге кірісті. Мысалы, Павлодар облысында 126 ауылдық округте дербес бюджеттерді іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы ақпарат Павлодар облысының ресми интернет-ресурсында орналасқан.

Жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде ауылдық әкімшілік басшыларының дербестігін дәйекті нығайту үшін облыстың 2 мыңнан астам тұрғыны бар 32 елді мекенінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап дербес бюджеттер бекітілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін қамтамасыз ету үшін білім беру, әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет, дене шынықтыру-сауықтыру қызметі, құрылыс, жолдарды жөндеу мен күтіп ұстау және т.б. саладағы шығыстарды қаржыландыруға салықтық және басқа да салықтық емес кірістердің 7 түрі ауыл бюджетіне аударылды.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық бюджеттің жалпы көлемі 5,7 млрд. теңгені құрады.

Қалған 94 елді мекенде дербес бюджеттерді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекіту жоспарлануда.

Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін краудфандинг

2019 жылы 24 маусымда Қазақстанда Түркістан облысының Арыс қаласында күшті жарылыс болды. Әскери бөлім аумағындағы қоймада сақтаулы оқ-дәрілер жарылды. 40 мыңнан астам тұрғын Шымкент қаласына көшірілді, онда эвакуация пункттері ашылып, материалдық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай жұртшылықтың белсенді қатысуы, зардап шеккен халыққа қолдау көрсету мақсатында үкіметтің, жеке сектордың, азаматтық қоғамның және басқа да тараптардың күш-жігерін біріктіру үшін қолда бар барлық ресурстарды жұмылдыру қажеттілігін туындады.

Бүкіл ел бойынша немқұрайлы адамдар мен еріктілер гуманитарлық көмек жинауды және Арыстың баспанасыз қалған тұрғындары үшін онлайн-қаражат жинауды бастады. Республиканың мемлекеттік органдары мен ұйымдары Арыс тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.

Шымкент қаласы әкімшілігінің қолдауымен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге қаражат жинау үшін "Түркістан" қоры 213 млн. теңгеден астам қаражат жинады.

StartTime краудфандингтік платформасы сағатына 68 мың теңге, ал барлығы 2 791 626 теңге жинады. Жиналған қаражат зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, сондай-ақ азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталды.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-қаражат жинауға бастамашылық жасап, бизнес-қауымдастықты Арыс тұрғындарын қолдауға шақырды. Мысалы, Ақмола облысының кәсіпкерлері ғана 5 млн. теңгеден астам қаражат жинады.

Ұялы байланыс операторлары Арыс тұрғындарына байланыс қызметтерінің тегін көлемін бөлді. Қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер бүкіл ел бойынша толығымен жұмылдырылып, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетті.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.