mobile phone

2024 жылғы 18 наурыз

The service for self-restriction from gambling games and bets has been digitized and is now available in the eGov Mobile application

үялы телефон

2024 жылғы 18 наурыз

Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу бойынша қызмет цифрлық форматқа ауыстырылып, енді «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді болды

сотовый телефон

2024 жылғы 18 наурыз

Услуга по самостоятельному ограничению от участия в азартных играх и пари переведена в цифровой формат и теперь доступна в приложении «eGov mobile»

 

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР» АЖ

 

«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭМС) мемлекеттік сатып алуды нақты уақыт режимінде жүргізуге арналған. Жүйе тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге деген тапсырыс берушілердің қажеттіліктері туралы электрондық шарттардың жасалуын, олардың шоғырлануын, сатып алу рәсімдерінің жүргізілуін, өнім берушінің белгіленуін, жасалған шарттар және олардың мемлекеттік сатып алу веб-порталында орындалу нәтижелері туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді.

 

Жобаның мақсаты:

 

Процестің ашықтығын және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, нақты уақыт режимінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу.

 

Міндеттері:

 

- мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған бюджет шығыстарын азайту;

- мемлекеттік тапсырысты қалыптастырудың және орналастырудың бірыңғай тәртібі;

- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге арналған шығындарды қысқарту;

- өнім жеткізушілер арасында тең бәсекелестік жағдайларын жасау;

- жинақталған ақпаратқа тез қол жеткізу;

- қағаз жүзіндегі құжат айналымын барынша қысқарту;

- мемлекеттік сатып алу процесінің транспаренттілігін және ашықтығын арттыру;

- мемлекеттік сатып алу процесіндегі құқық бұзушылықтар санын азайту

 

Функциялары:

 

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушыларды тіркеу;

- мемлекеттік сатып алуды жоспарлау;

- жүргізілген мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жинау;

- электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу, соның ішінде тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында электрондық құжаттармен алмасу;

- жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша статистика мен есептілікті қалыптастыру;

- мемлекеттік сатып алу саласындағы түсініктемелер мен нормативтік-анықтамалық ақпаратты жариялау;

- мемлекеттік сатып алу тізілімдеріне енгізілетін мәліметтерді ұсыну және жариялау;

 

Артықшылықтары:

 

- сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді тәсілі;

- бюджет қаражатын нақты үнемдеу;

- мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың ыңғайлылығы;

- адал бәсекелестік үшін тиімді жағдайларды жасау;

- отандық кәсіпкерлікті дамытуды қолдау;

 

Сатып алуды жүргізу тәсілдері:

 

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен ЭМС – электрондық мемлекеттік сатып алудың қарапайым тәсілі, бұл тәсіл кезінде әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілетін ең төмен баға жеңімпазды таңдаудың шешуші өлшемшартына жатады.

Электрондық конкурс – тауар, жұмыс немесе қызмет бағасынан басқа, жеңімпазды анықтауға әсерін тигізетін басқа да өлшемшарттар ескерілетін электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі.

Электрондық аукцион – тапсырыс беруші тауарды, жұмысты немесе қызметті онлайн аукцион уақытында баға төмендеген кезде анықталған, ең төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім берушіден сатып алатын мемлекеттік сатып алу тәсілі.

Өтпей қалған сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен ЭМС – алғашқы сатып алу заңнамада белгіленген тәртіппен өтпей қалған болып танылғаннан кейін тапсырыс беруші тек бір әлеуетті өнім берушіге сатып алуға шарт жасасуды ұсынатын өнім берушіні (мердігерді, орындаушыны) таңдау тәсілі.

Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен ЭМС – тапсырыс беруші тек бір әлеуетті өнім берушіге және ол бойынша сатып алу жоспарланатын негіз тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздерінің тізбесіне кіретін жағдайда ғана сатып алуға шарт жасасуды ұсынатын өнім берушіні (мердігерді, орындаушыны) таңдау тәсілі.

 

"АСТАНА-1" А

 

Жобаның мақсаты:

 

2015 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 38-40-тармақтарының қойылған міндеттерін іске асыруға жәрдемдесу

 

Жобаның сипаттамасы:

 

Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (ҚР ҚМ МКК) ынтымақтастық туралы ұсыныс болып табылады, ол арқылы БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) ҚР ҚМ МКК кедендік рәсімдерді жаңғырту және автоматтандыру, электрондық декларациялауды енгізу және кадрлық әлеуетті нығайту бойынша қажетті техникалық жәрдем және қолдау көрсетеді.

 

ЭКСПОРТТЫҚ-ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША "БІРЫҢҒАЙ ТЕРЕЗЕ" АЖ

 

Жобаның мақсаты:

 

Экспорт пен импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту. Электрондық декларациялау жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазартудың автоматтандырылған жүйесін енгізу).

 

Жобаның сипаттамасы:

 

Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, бақылаудың және үйлестірудің тиімді жүйесін құру мәселелері елдің экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігінің артуына тікелей әсер етеді. Экспорттық-импорттық операциялар бойынша "бірыңғай терезе" қағидатын іске асыру осы мәселелерді шешу үшін құралдардың бірі болып табылады.

 

Бірыңғай терезеде 13 ақпараттық ресурс біріктірілді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың 11 ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілді.

 

Портал функционалы келесі элементтерді қамтиды:

 

- Электрондық рұқсат беру құжаттарын және лицензияларды алу;

- Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алу бойынша электрондық қызметтер;

- Электрондық кедендік декларациялау;

- Кедендік алдын ала шешімдерді беру бойынша электрондық қызметтер;

- Интеграцияланған кедендік тариф;

- Құжаттардың анықтамалары мен тізілімдері;

- Нормативтік-құқықтық құжаттарды іздеу және қарау.

 

BLOCKCHAIN ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУМЕН ҚҚС-ТЫ БАСҚАРУ

 

Жобаның мақсаты:

 

ҚҚС жинаумен байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының проблемаларын шешу.

 

Жобаның сипаттамасы:

 

салық төлеушілердің қаржылық транзакцияларының тізбегін лезде қадағалауға және оларға ҚҚС кепілді қайтаруды жүргізуге мүмкіндік беретін орталықсыздандырылған деректер базасын қалыптастыру. Әкімшіліктендірудің қолданыстағы тәжірибесінде алаяқтық және сыбайлас жемқорлық схемаларды, ҚҚС-ты қайтарудың ұзақ және күрделі рәсімін қоса алғанда, көптеген кемшіліктер бар. Жаңа жүйе осы мәселелерді шешеді. Енді барлық мәмілелер бойынша ақпарат (мысалы, шот-фактура шығарылды, төлем жүргізілді) бөлінген тізілімде Blockchain желісінің барлық тораптарында бірден көрсетіледі. Бұл деректерді сақтаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және ақшаны көлеңкелі айналымға шығаруды болдырмайды. Жүйенің маңызды элементі Смарт-келісімшарттар болып табылады. Бұл Салық Кодексінің ережелерін автоматты түрде орындау. Бухгалтердің қатысуынсыз автоматты түрде ҚҚС бойынша декларациялар қалыптастырылады, ҚҚС бюджетке төленуіне кепілдік беріледі және салық тексеруінсіз ҚҚС қайтару жүзеге асырылады. Енді экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтару мерзімі 55 күннен 15 күнге дейін қысқартылды. Осылайша, жаңа әдіс ҚҚС қайтару мерзімін тездетеді, ҚҚС жиналуын арттырады, ал ең бастысы, алдауға жол бермей, процестерді ашық етеді.

 

«Бизнеске арналған онлайн-касса»

 

Жобаның мақсаты:

 

- салық органдарының тексерулерінің болмауы

- сыбайлас жемқорлықты азайту (салық органдарының қызметкерлерімен өзара әрекеттесудің аздығы)

- қаржылық есепті автоматтандыру және кәсіпорын туралы қаржылық ақпараттың қашықтықтан қол жетімділігі

 

Жобаның сипаттамасы:

 

Бизнеске арналған онлайн-касса - бұл кәсіпкерге өз кәсібінің қаржылық есебін жүргізуге және бақылау органдарына салық декларацияларын автоматты түрде ұсынуға мүмкіндік беретін қызмет.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.