antiseptic medical gloves

2023 жылғы 7 желтоксан

It should be reminded that kindergartens, boarding schools, catering facilities, healthcare facilities, etc. are among the objects of high epidemiological significance
медециналық қолғап антисептик

2023 жылғы 7 желтоксан

Естеріңізге сала кетейік, эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге балабақшалар, мектеп-интернаттар, қоғамдық тамақтану объектілері, денсаулық сақтау объектілері және т. б. жатады
медицинский перчатки антисептик

2023 жылғы 7 желтоксан

Напомним, что к объектам высокой эпидемической значимости относятся детские сады, школы-интернаты, объекты общественного питания, объекты здравоохранения и т.д

2023 жылғы 27 қараша

The operation of the single platform of government agencies` websites (Gov.kz) has been restored. We apologize for the temporary inconvenience caused.

2023 жылғы 27 қараша

Мемлекеттік органдардың Gov.kz интернет - ресурстарының бірыңғай платформасының жұмысы қалпына келтірілді. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

2023 жылғы 27 қараша

Работа Единой платформы интернет - ресурсов государственных органов Gov.kz восстановлена. Приносим извинения за доставленные временные неудобства.

laptop mobile phone

2023 жылғы 22 қараша

Eight data correction services are available on the eGov.kz portal and eGov Mobile app
ЖИ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
 

Жалған қолдан жасаудан қорғауға арналған QR-коды бар медициналық анықтамалар

 

Жобаның мақсаты: медициналық анықтамаларды беру кезінде алаяқтық проблемасын шешу, бұрмалау мүмкіндігін болдырмау және осы процестің ашықтығын қамтамасыз ету.

Жобаның артықшылықтары: "Smart Astana" мобильдік қосымшасы арқылы анықтамалардың еңбекке жарамсыздық парағының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

 

Ақылды емхана

 

Жобаның мақсаты: дәрі-дәрмектерді және тексеруге жолдамаларды тағайындау кезінде кезек пен дәрігерлік қателіктердің санын қысқарту. Диагностикалық зерттеулердің дәлдігін, жеделдігін және ақпараттылығын арттыру (белгілі бір уақыт кезеңінде созылмалы аурулардың асқыну санын азайту және сырқаттанушылықты жалпы төмендету үшін) және емдеудің белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейін арттыру.

Жобаның артықшылықтары: емхана мамандарына қабылдауға келесі тәсілдердің бірімен жазылу мүмкіндігі:

• емхананың Call-орталығына қоңырау шалу

• "электрондық үкімет" порталын пайдалану

• мобильді қосымшаны пайдалану

• емхана фойесінде орналасқан өзін-өзі жазу терминалының көмегімен дәрігердің қабылдауына жазылу

 

Робот-хирург

 

Роботталған хирургияның референттік орталығы ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының базасында құрылып ашылды және Қазақстан үшін роботтың көмегімен медицинаны – хирургиядағы жаңа бағытты іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл посткеңестік кеңістіктегі алғашқы осындай жоба, ол клиникалық сынақтар мен операциялар жүргізу мақсатында ғана емес, сонымен қатар дәрігерлерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру үшін құрылған.

Робот-хирург операциялық өрісті үш өлшемді бақылау; операция жасайтын органдардың бейнесін бірнеше рет ұлғайту; қолдың дірілін толығымен жою; үлкен тіліктердің болмауы және пациентті қалпына келтірудің жылдам кезеңі; жұқтырудың ең аз тәуекелдері; операциядан кейін ауыр ауырсыну сезімінің болмауын қамтамасыз ете отырып, маманға көмек ретінде құрылған.

 

Онкологияны емдеуге арналған AI

 

Онкологиялық ауруларды емдеу дәрігерлерден пациентке жеке бабын табу және жағдайды тұрақты бақылауды талап етеді, себебі емдеудің әмбебап әдістері жоқ. Әлемдік емдеу тәжірибесін қадағалау және дәлірек диагноз қоюда жақында қазақстандық денсаулық сақтау саласында пилоттық апробацияға енгізген жасанды интеллект көмектесе алады. Осы мәселені шешу үшін пилоттық апробация Watson for Oncology IBM қолдана отырып жүргізілді, ол когнитивті платформа болып табылады және онкологтарға дәлелді медицинаны емдеу әдістерін ұсынады. Бағдарлама емдеудің жеке әдістерін таңдайды, онкологиялық сараптамаға қолжетімділікті кеңейтеді және 300-ден астам медициналық ғылыми журналдардың, 200 оқулық пен 15 млн-ға жуық мәтіннің деректерін өңдеп, медициналық әдебиеттің ірі көлемін талдайды. Watson for Oncology жасанды интеллектін National Comprehensive Cancer Network жетекші сарапшы-онкологтар оқытты. Watson for Oncology және әлемнің 15 алдыңғы қатарлы елдерінде табысты тәжірибесі бар.

 
ДҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР
 

mHealth

 

Жобаның мақсаты: медициналық қызметкерлердің бизнес-үдерістерді автоматтандыруға қажеттілігін анықтау және қамтамасыз ету; денсаулық сақтау саласында әлеуметтік маңызды және инновациялық қосымшаларды, мобильді қосымшаларды отандық әзірлеушілерді, АТ-маркетологтарды тарту.

Жобаның артықшылықтары: онлайн-режимде ауылдық жерлердегі дәрігерлер мен науқастарды байланыстыруға мүмкіндік береді, дәрігерлерге отырған жерінен кеңес беруге мүмкіндік береді, ал аудан және ауыл тұрғындарына облыс орталығына бару қажеттігінен арылтады.

 

Интероперабельділік платформасы

 

Денсаулық сақтаудың интероперабельділік платформасы – бұл денсаулық сақтау саласын цифрландырудың негізгі жобасы. Ол барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелер мен компоненттерді біріктіріп, медиктерге бірыңғай терезе арқылы барлық деректер қорлары мен сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда дәрігерлер стационарлар жүйесінде, ресурстарды басқару жүйесінде, тіркелген халықтың тіркелімінде жеке жұмыс істейді. Басқа жүйелерде жүкті, есірткіге тәуелді және т. б. қатар тіркеу жүргізіледі.

Мемлекет үшін әсер:

Интероперабельділік платформасы 20-дан астам түрлі ақпараттық жүйелерді бір интерфейспен біріктіреді, бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді және мәліметтердің түрлі санаттарының кіруіне кететін уақыт шығындарын төмендетеді.

 

"DariKz" мобильді қосымшасы

 

Жобаның мақсаты: смартфон/гаджет арқылы дәрілік препарат туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу.

Жобаның артықшылықтары:

• берілген сертификаттар бойынша ақпаратты көру мүмкіндігі;

• дәріханада препараттың құнына шағым беру функциясы, егер ол ҚР аумағында рұқсат етілген заңмен бекітілген шекті рұқсат етілген бағадан асып кетсе;

• прерапат бойынша егжей-тегжейлі ақпарат (жарамдылық мерзімі, препаратқа белгіленген нормалардан бағаның ауытқуы, ерекше белгілер және т. б.).

 

Электрондық денсаулық паспорты

 

Жобаның мақсаты: пациенттің денсаулық жағдайы туралы толық ақпаратқа қол жеткізу: анамнез, созылмалы аурулар, аллергиялар, қабылданатын дәрілік препараттар. Көмек көрсету орнына және медициналық ұйым пайдаланатын ақпараттық жүйеге қарамастан, адам денсаулығы туралы барлық негізгі мәліметтер бір бірыңғай базада жиналатын болады.

Жобаның артықшылықтары:

•электрондық денсаулық паспорты қашықтан қол жетімді және барлық деректердің сақталуын қамтамасыз етеді. Пациенттерге енді дәрігерлерге өз ауруларының тарихын жазып, өзімен бірге көптеген құжаттарды алып жүрудің қажеті жоқ;

• дәрігерлер мен емделушілер үшін ыңғайлылықтан басқа, жүйе ауруханалардағы қағаз құжат айналымын азайтуға көмектеседі және қағазға кететін шығындарды айтарлықтай төмендетеді.

Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.