Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау
Қызметті онлайн алу:
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басу қажет.
- Міндетті толтырылатын жолдарды толтырып, файылды қоса беру қажет.
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және/немесе сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті ұсынады.
- "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).
- Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары).
Проактивті қызмет арқылы:
- Әлеуметтік төлем тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жіберетін банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну. Бұл ретте, банк шотының нөмірін екінші деңгейдегі банктен алу мүмкін болған кезде оны ұсыну талап етілмейді.
Қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.