Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады:
Лазерлік станцияларды тіркеу үшін:
- Өтініш.
- Заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі.
- Бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды техникалық сипаттамаларын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері.
- Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі басылған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің әрбір түрінен кемінде екі дана.
Бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тіркеу үшін:
- Өтініш.
- Заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі.
- Бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың техникалық сипаттамасын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері.
- Бұйымдарды (құралдарды) өндірушілер үшін – Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) бұйымдардың (құралдардың) тіркеуден өткенін растайтын құжат.
- Бұйымдардың (құралдардың) әр түрінен кемінде екі дана үлгісі (бұйымдарды (құралдарды) тіркеу кезінде).
- Атрибуттардың әр түрінен бір данасы (атрибуттарды тіркеу кезінде).
Қызмет көрсету нәтижесі
Тіркеуден өткені туралы анықтама және алушының сұранымы болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді - көшірме немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап