Мультимедиялық оқыту бағдарламасы Баспаға шығару нұсқасы
2012 жылғы 4 маусымМультимедиялық оқыту бағдарламасы:
«Электрондық үкімет және электрондық қызметтер»
ЕGov.kz «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» мультимедиялық ақпар-кітапшасының жарыққа шығуы туралы жариялайды! Порталда екі рет бассаңыз болды, порталда электрондық қызметтердің сенімді пайдаланушысы болуға мүмкіндік жасайтын, сондай-ақ уақыт пен күш-жігеріңізді мейлінше үнемдейтін бағдарлама қолжетімді болады.
Бұл ақпараттық анықтамалық, анықтамалар (мекенжайлық, заңдық, қаржылық, мұрағаттық және т.б.) алу, мемлекеттік органдар мен ведомстволарға өтініштер мен өтінімдер беру, айыппұлдар мен коммуналдық қызметтерді төлеу, кезекке алдын ала тұру, тіпті қажет болған жағдайда дәрігер қабылдауына жазылу болып табылады.
ЕGov.kz порталы – күнделікті өмірдің көптеген міндеттері үшін дайын шешім болып табылады.
Ақпар-кітапшасы арқылы сіз порталда тіркелу және авторлану тәртібімен танысасыз, ЭЦҚ не екенін және оны қалай алуға болатынын біле аласыз, электрондық қызметтерді (кез келген) алу алгоритмін түсінесіз, мемлекеттік баж, салық, айыппұл және т.б.төлеуді үйренесіз.
Бағдарламада қажетті ақпарат толық берілген: түсінікті мазмұндама, қызметтердің толық топтамасы, глоссарий және нақты нұсқаулықтар, сондай-ақ қандай да бір қадам барысында қателікке жол бермейтін суреттер.
Мультимедиялық оқыту бағдарламасы: «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» - eGov.kz порталындағы барлық қызметтерді толыққанды пайдалану үшін қажетті білім-дағдылармен қаруландыратын ақпар-кітапшасы.