Электрондық үкімет порталында заңды тұлғаны жабуға болады Баспаға шығару нұсқасы
2014 жылғы 7 қазанЖылдың соңына дейін Қазақстанның электрондық үкімет порталында заңды тұлғаны жабу жөніндегі онлайн-қызметі қолжетімді болады.
Электрондық форматта бизнестің жабылуы тез жүзеге асырылады: дәстүрлі 7 күннің орнына 5 күн, сонымен қатар, 2 есе аз құжаттарды талап етеді.
Естеріңізге сала кетсек, жеке кәсіпкерлік субъектілерін жою рәсімдерін жеңілдету туралы тапсырма осы жылғы 2 қыркүйекте парламенттік маусымның ашылуында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен берілген еді.
«Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалды және өкілдікті есептік тіркеуден алу» қызметтерін алу үшін, пайдаланушыға «Онлайн қызметін тапсыру» түймесіне басқаннан кейін, деректерді тексеру үшін, заңды немесе жеке кәсіпкердің БСН/ЖСН енгізу қажет болады.
Сонан соң электрондық нысан алаңында қосымша ақпарат енгізіледі, өтінімге керек құжаттардың сканерленген көшірмелері бекітіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жинақты кез келген қазақстандық банкі төлем картасының көмегімен төлеуге болады. Кейін өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
5 жұмыс күші ішінде пайдаланушының «Жеке кабинетінде» қызметтер көрсету нәтижесі қолжетімді болады: қызметті тоқтатуды немесе дәлелденген бас тартуды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық. Құжаттың даярлығы немесе оны беруде бас тарту туралы хабарлама сонымен қатар өтініш білдірушінің электрондық поштасына жіберіледі.
*е-қызметті алу үшін қажетті базалық құжаттар тізімі:
1. мүліктің иесі заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған құрылтай құжаттарымен осыған уәкілеттенген заңды тұлғаның органы немесе иесі өкілеттеген органның шешімі;
2. заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат;
3. акцияларды шығарудың күшін жою туралы Ұлттық Банктің хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін).