eGov порталына 9 жыл Баспаға шығару нұсқасы
2015 жылғы 14 сәуірҚазақстанның Электрондық үкімет порталына тоғыз жыл толды. 2006 жылғы 12 сәуірде электрондық үкіметтің www.egov.kz. веб-порталы бірінші рет іске қосылды.
Тоғыз жыл ішіндегі қызметінде портал қалыптасу және дамудың төрт кезеңі арқылы өтті және өзінің тиімділігін табысты дәлелдеп келеді. Жыл сайын қолжетімді, көрсетілетін қызмет мөлшері мен порталды пайдаланушылар саны өсіп келеді. Осылай, бүгінгі күн жағдайы бойынша порталдың тіркелген пайдаланушыларының саны 3,5 миллионды құрады, өткен жылғы сәуір айында олардың саны 2 миллионды құраған.
Жыл сайын порталдың қолжетімді қызметі, олардың ішінде халық үшін әлеуметтік-маңызды қызметтер, бизнес үшін қызметтер, төлемдер мен пайдалы сервистер, сондай-ақ лицензиялар мен рұқсат құжаттар саны артып келеді. Бүгінгі күні электрондық үкіметтің 700-ден аса қызметі автоматтандырылды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына тағы 20 қызмет пен сервистер қолжетімді болып отыр. Оларды іске қосудың арқасында азаматтар инвестициялық табысты ескерумен зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпаратты, өтініш берушілерге атаулы әлеуметтік көмек беру үшін растайтын анықтаманы алуға мүмкіндіктері бар. Банктермен несиелер ресімдейтін және кепілдік қамтамасыз етуді ресімдейтін азаматтардың деректерін алу тәртібі жеңілдетілетін болады. Сонымен қатар, портал пайдаланушылары мемлекеттік қызметшілердің кадр резервіне және Мемлекеттік басқару академиясына алуға өтінім бере алады.
Өткен жылы «мобильдік үкіметті» дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бүгін iOS және Android операциялық жүйелер пайдаланушылар үшін eGov.kz жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді, ол арқылы электрондық үкімет порталының 50-ден аса ең танымал қызметін алуға болады.Ескі модельдегі мобильдік телефондарды пайдаланатын азаматтар үшін SMS-қызметтер іске асырылды. Мысалға автомобильдің техникалық байқау қолданысының мерзімін немесе тұрғын үйге кезек нөмірін 414 қысқаша нөміріне SMS жолдай отырып білуге болады.
Электрондық үкіметке және порталға қазақстандықтардың сенімін растау көрсетілген қызметтердің өсімі болып табылады. 9 жылда портал арқылы азаматтар 90 миллионнан аса қызметтерді алды. Бұл ретте, 2014 жылғы қорытынды бойынша бұл көрсеткіш 84 миллион белгісінде болды. Порталдың ең танымал қызметтерінің қатарында мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүлік туралы анықтамаларды, сотталмағандығы туралы, сондай-ақ зейнетақы аударылымдары туралы анықтамаларды алу болып табылады.
Қазақстанның электрондық үкіметін жоғары бағалауды халықаралық деңгейде алды. 2014 жылы электрондық үкіметті дамыту жөніндегі БҰҰ рейтингісінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 10 позицияға көтеріліп 28 орынды алды.
Рейтингте жоғары позициялардың арқасында, сондай-ақ е-үкіметті дамытудағы жетістіктерді ескере келе, Қазақстан әлем елдерінің 80-нен аса өкілдерінің қатысуымен электрондық үкімет бойынша былтырғы жылы өткізілген Жаһандық форумда құрметке ие болды.