Қазақстанның ашық мәліметтер порталы 700-ден астам ресми мәліметтер жиынтығы түрлерінен тұрады Баспаға шығару нұсқасы
2014 жылғы 23 қыркүйекwww.data.gov.kz порталында азаматтар мен бизнеске пайдалы 736 ресми ақпарат түрі орналасқан. Мемлекеттік органдардың мәліметтеріне қолжетімділік програмистерге әр түрлі қосымшалар мен анықтамалар жасауға мүмкіндік береді.
Порталда орналасқан ақпарат көлік, білім беру, статистика, мәдениет, денсаулық сақтау, екінші деңгейлі банктер, Қапошта және т..б. бағыттар бойынша жіктеледі. Data.gov.kz жобасы Қазақстанда 2013 жылы «Ашық үкімет» бастамасының бөлігі ретінде іске қосылды. Портал ашық мәліметтерді қолдана отыра мәліметтер жиынтығын оңай таба алады, жүктей алады, пайдалана алады және әр түрлі талдау мен зерттеу жүргізе алады.
«ҰАТ» АҚ бас сәулетшісі Таир Сабырғалиев журналистерге: «Ашық деректерді қолданудың маңызды бөлігі олардың негізінде қосымшалар мен сервистерді құрастыру және азаматтардың сұранысына ие қызметтерді көрсету болып табылады. Қосымшалардың көмегімен пайдаланушылар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік және байланыс объектілері туралы ақпаратты қиындықсыз таба алады.»- деп хабарлады.
Бүгінгі күні қолжетімді деректер практикалық қолданысқа ие. Мысалы үшін, Астана қаласының денсаулық сақтау объектілері бойынша мәліметтері негізінде «Денсаулық картасы» мобильдік қосымшасы құрастырылды. Бұл қосымша картада денсаулық сақтау объектілерін көрсетуге, орналасқан жеріне байланысты жақын жердегі объектілерді іздеуге мүмкіндік береді, объект туралы қысқаша ақпарат ұсынып қосымшадан телефон шалуға және электрондық мекенжайға хат жолдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа екі қосымша құрастырылып жатыр: «Қауіпсіз қала» - полиция учаскелерінің тізімін, геолокацияға байланысты жақын жердегі учаскенің орналасқанын, Астана қ. Қылмыскерлік картасын бейнелейді; Мектеп микроучаскелері - Астана қаласының мектептері картасында үй мекенжайы бойынша мектепті іздеу мүмкіндігі бар қосымша.
Анықтама үшін:
Ашық үкіметтің негізгі компоненттері мен олардың мақсаттары:
- Ашық мәліметтер – ашық мәліметтерді олардың классификациясы арқылы беру.
- Ашық НҚА – қоғамды заңшығару процесіне тарту.
- Ашық диалог – мемлекеттік органдар мен қоғам арасында тиімді кері байланысты орнату.
- Ашық бюджет – қоғамға мемлекеттік органдардың жоспарымен, оны орындаудың тиімділігімен танысуға және бұл процестерді өзгертуге мүмкіндік беру.
- Ашық петициялар – қоғамға мемлекетті жақсарту мен реформалау бойынша ұсыныстар енгізуге, яғни оның даму процесіне тікелей қатысу.