Ағымдағы жылдың соңына дейін бизнес үшін 140 рұқсат құжаттары автоматтандырылады Баспаға шығару нұсқасы
2014 жылғы 24 қыркүйекСоңғы 3 жыл ішінде Қазақстанда 300-ге жуық рұқсат құжаттары автоматтандырылған. 2012 жылы 81 рұқсат автоматтандырылса, 2013 жылы қосымша 214 рұқсат құжаттары іске қосылды.
Бұл жұмыс Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметінің жағдайын жақсарту мақсатындағы түбегейлі шешімдердің біріне айналды. Жылдың соңына дейін шамамен 140 рұқсат құжаттарын автоматтандыру жоспарлануда. Автоматтандырудың негізгі мақсаттарының бірі өтініш берушілер мен рұқсатты беруге жауапты қызметкерлер арасында тікелей байланысты жою болып табылады. Автоматтандыру жемқорлық деңгейін және құжатты қабылдау, өтінішті қарастыру кезегін анықтау, рұқсат беру туралы шешім қабылдауда қызметкер ықпалын төмендетеді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдардың АЖО дамыту жөніндегі директоры Бағлан Бекбауов: «Талап етілетін құжаттар соңғы 2 жылда 47% қысқарды, бұл 850 құжатты құрайды. Осылайша, маманға санат иелену туралы сертификатты беру мерзімі 90 күнтізбелік күнді құраған. Порталға жүгіну кезінде бұл мерзім 22 жұмыс күніне қысқартылды. Бұдан бұрын өтініш беруші 9-дан астам құжатты тапсыру керек болатын. Қазіргі таңда http://elicense.kz/ порталында электрондық тапсырыс пен деректер формасын толтырып, барлығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет.» деп журналистерге мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылы мемлекет басшысы бизнеске салынатын жүктемені қысқартып рұқсат беру жүйесін оңайлатуды тапсырған болатын. Әкімшілік реформа аясында рұқсат құжаттарының инвентаризациясы, олардың үйлестірілуі мен жеңілдетілуі жасалды, нәтижесінде «Е-лицензиялау» жобасы іске қосылды. 2012 жылы лицензияларды 100% электрондық түрде беру мен барлық рұқсат құжаттарын электрондық форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды.
«Е-лицензиялау» жобасын іске қосқан уақыттан қазіргі кезге дейін электрондық түрде 110 000 жуық лицензия мен 273 000 жуық рұқсат құжаты берілді.