Студенттер арасында мобильдік қосымшаны құрастыру конкурсы 15 қазанға дейін ұзартылды Баспаға шығару нұсқасы
2014 жылғы 26 қыркүйек«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мобильдік қосымшаны құрастыру конкурсының 2014 жылдың 15 қазанына дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Естеріңізге сала кетсек, www.data.gov.kz порталының ашық мәліметтерін қолдану конкурсы ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде жас шамасы мен оқу бағдарламасына қарамастан колледж бен ЖОО студенттері арасында жарияланды.
Қатысушыларға АРІ арқылы data.gov.kz порталында орналастырылған ашық деректерді пайдаланумен iOS (6+ болжама) немесе Android (4+ болжама) мобильдік платформалары үшін мобильдік қосымшаны әзірлеу қажет.
Конкурстың жүлде қоры:
- 1 орын – MacBook Air;
- 2 орын – Apple iPad Air;
- 3 орын – Apple iPad mini.
Барлық қосымшалар 2014 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады, бағалаған кезде идеялар, әлеуметтік маңыздылығы, коммерциялаудың функционалдылығы және перспективаларының түпнұсқалығы ескерілетін болады.
Толығырақ ақпарат www.data.gov.kz сайтында.