Қызылорда облысында ДӨО ашылды Баспаға шығару нұсқасы
2015 жылғы 8 сәуірҚызылорда облысында деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) іске қосылды. Бұл «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Қазақстан мемлекеттік органдарына хостинг қызметін ұсыну үшін серверлік интернет-платформаны құру» жобасының екінші іске қосу кешені аясында ашылған алтыншы дата-орталығы болды.
Орталықтың ашылу салтанатына «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақтияр Қожахметов пен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысты.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бақтияр Қожахметовтың айтуы бойынша, жаңа дата-орталық Қызылорда облысының
70 астам аумақтық және жергілікті атқарушы органдарға деректерді сақтау мен өңдеудің жаңа сапалы сатысына көшуге мүмкіндік береді. «Деректерді өңдеу орталығы серверлік инфрақұрылымды құрудың барлық әлемдік стандарттарына сәйкес келеді. Біздің клиенттеріміз жабдықтың қауіпсіздігі мен маңызды мәліметтердің сақталуы туралы алаң болмауы керек» - деп толықтырды ол.
Дата-орталық Colocation, Hosting, Software as service қызметтері мен бағдарламалық-аппараттық кешенге жүйелік-техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Орталық электрмен қамту, ауабаптауыштары, автоматты газдық өрт сөндіру, күзет-өрт сөндіру сигнал жабдығы, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ мониторингтің кешендік жүйесімен және басқару жүйесімен жабдықталған.
Естеріңізге салсақ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» бағдарламасын дамыту үшін инфрақұрылымдық алаң болып табылады. «Бүгінгі күні орталықтар Қазақстан Республикасының 13 өңірінде Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Петропавл, Қызылорда және Тараз қалаларында жұмыс істейді. Алматы қ. іске қосу 2015ж. соңына дейін жоспарланған.
Анықтама үшін: ДӨО бұл мониторинг және басқарудың орталықтанған жүйесімен мәліметтерді сақтау мен тарату, өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешендерінің орналасуы мен қызмет етуі үшін құрастырылған қолдау мен сүйемелдеу қызметі бар істен шығуға тұрақты кешендік инженерлік инфрақұрылым.