Медицина қызметкерлері е-лицензиялауды оқып үйренуде Баспаға шығару нұсқасы
2015 жылғы 6 сәуірАстанада электрондық лицензиялау бойынша семинар өтті. Екі жүзден астам медицина қызметкерлері біліктілік санатын иеленген және иеленбеген маман сертификатын алу сұрақтарын оқып үйренді.
Біліктілік санатын иеленген және иеленбеген маман сертификатын алу қызметі Е-лицензиялау порталының талап етілетін қызметтерінің бірі болып саналады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша электрондық лицензиялау порталында 78658 маман сертификаты берілді. Салыстыру үшін, 2013 жылы олардың саны 15 923 сертификатты құрады.
«Өткен жылдары бізбен маман сертификатын алу процедурасын электрондық форматқа ауыстыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды, 2014 жылдан бастап барлық өтініш берушілер сертификатты е-форматта алады. Бұл процесс қызметті алудың ашықтығын қамтамасыз етеді» - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдардың АЖО дамыту жөніндегі директоры Бағлан Бекбауов хабарлады.
Оқыту семинары аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері тестілеу режимінде қызметті алудың барлық процесін: белгіленген формадағы өтінімді толтырудан бастап сертификатты алуға дейін толықтай көрсетті. Ерекше назар өтінім формаларын толтыру кезіндегі жиі кездесетін қателерге аударылды.
«Бүгінгі кездесу біз үшін өте өзекті, себебі қызметкерлеріміздің көбі біліктілік санатын алу үшін электрондық өтінімдерді тапсыру кезінде қиыншылықтарға тап болады» - деп Медицина және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қ. бойынша департаментінің жетекшісі Роза Қуанышбекова хабарлады. «Семинар аса нәтижелі өтті, біз толғандыратын сұрақтардың барлығына жауап алдық. Семинар өтінімдердің ауытқу санын азайтып, барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын» - деп толықтырды ол.
Естеріңізге салсақ, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі рұқсат құжаттары мен лицензияларды беру процесстерін автоматтандыру мақсатында құрылды. Жүйенің негізгі мақсаттары - ҚР барлық рұқсат құжаттары мен лицензиялардың бірыңғай тізілімін жүргізу, рұқсат құжатын алу үшін өтініш беру процедурасын жеңілдету, өтінішті тапсырғаннан бастап жауабын алуға дейінгі процестің ашықтығы және әкімшілік шығындарды қысқарту. Бүгінгі таңда жүйенің көмегімен 500 астам автоматтандырылған қызмет, оның ішінде лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алуға болады.