Ашық деректер – Қазақстандағы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер Баспаға шығару нұсқасы
2015 жылғы 12 мамырБизнестің толыққанды дамуы үшін ашық деректердің қолжетімділігі маңызды. Бұл алдағы уақытта мемлекетке де, азаматтарға да пайдасын әкеледі. Ол туралы 2015 жылы 21 мамырда «Инфрақұрылым – экономикалық дамудың жүргізушісі» Астана экономикалық форумы аясында өткен, «Тұрақты дамуды қаржыландырудағы инновациялық шешімдер: әлеуметтік желілердің рөлі» конференциясы барысында астаналық Тәуелсіздік Сарайында айтылды. Аталған мәселе бойынша, сессилардың жұмысында қазақстандық және шетелдік сарапшылар ойларын айтты.
Қарапайым мысалдар: қалада қанша автобустар, қандай тұрғын, қандай қалааралық бағыттарға таксилер сұранысқа ие есебінен жолаушыларды тасымалдау бойынша қосымша құруға болады. Ал егер тұтынушылық қоржынға талдау жасасақ, онда өзінің ісін құрғысы келетіндерге мобильдік анықтама әзірлеуге болады. Және де осындай мобильдік қосымшалар жүздеген болуы мүмкін.
Болашақ «Open data»-ның артында. Кездесудің қатысушылары осындай қорытындыға келді. Ашық деректер «Ашық үкімет» концепциясының ажырамас бөлігі болып табылатынына, оның қағидалары азаматтар үшін мемлекеттің қолжетімділігін, мемлекеттік басқарудың ашықтығын және жемқорлықпен күресті ұйғарады.
Қазақстанда ашық деректерді енгізудің алдында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен Дүниежүзілік Банк әдістемесіне сәйкес ашық деректерге мемлекеттің дайындығын талдау бойынша жұмыс атқарылды.
«Open data шынайы бизнеске де, азаматтарға да көмектеседі. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік органдардан сұратылатын деректерден азаматтар мен бизнес өкілдерінің қажеттіліктерін анықтау бойынша іс-шаралар өткізудеміз. Мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты біз ашық деректер порталында орналастырамыз, содан кейін бизнесмендер оны қолдана алады», - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Еңсебаев Руслан түсінік берді. Мемлекет пен бизнес арасында диалогты белсендіру қажет.
Жеке сектор деректерді қарай, оларды талдай, өңдей, өзінің жұмысы үшін қандай да бір қорытындылар жасай алады. Қазақстанда ашық деректердің негізінде пайдалы өнімдер әлдеқашан құрылған: лицензияларды іздеу, денсаулық сақтау және білім беру объектілері бойынша мобильдік қосымшалар.
Әлемде ашық деректердің қарқынды өсетін нарық мысалдарының бірі жылжымайтын мүлік нарығы бойынша нақты уақыттағы деректерді ұсынатын Zillow компаниясы болып табылады. Оның қызметінің негізіне сатылуға қойылған үйлер, жалға алу үшін үйлерді және ағымдағы кезеңде нарықта сатылмайтын үйлерді қосқанда АҚШ-та 110 млн. аса үйлер туралы ақпаратпен деректер қорынан тұрады. Оның капиталға айналуы 3 млрд. АҚШ долларына жетті.
Жалпы, бүкіл дүниежүзінде халықаралық сарапшылар ашық деректерден тиімділікті 3-5 трлн. Долларға бағалайды.