Ашық деректер бойынша сауалнамаға қатысыңыз Баспаға шығару нұсқасы
2015 жылғы 11 наурызМемлекеттік деректердің еркін қол жетімділігін ұсыну тәжірибесі әлемде үлкен танымалдылыққа ие болуда. Қазақстанда сондай-ақ мемлекеттік органдардың деректерін азаматтарға ұсыну мақсатында үлкен күш салынуда. Ашық деректер порталы сізден 12 сұрақтан тұратын сауалнамаға жауап беруді сұрайды, бұл сіздің 3-ақ минут уақытыңызды алады. Сауалнама сұрақтарына жауап беріп, сіз ең алдымен, ашық қол жетімділікке қандай деректер жиынын шығару қажеттігін анықтауға көмектесе аласыз. Сол арқылы сіз ашық мемлекетті құруға үлес қосасыз.
http://anketolog.ru/s/127512/PVLypiaG сілтемесі арқылы өтіп, сұрақтарға жауап бере аласыз.
Егер сіз Open Data 500 ұйымының қатысуымен болатын, ашық деректер бойынша дөңгелек үстелге қатысуға қызығушылық білдірсеңіз, сауалнаманың соңында өзіңіздің байланыс мәліметтерін қалдыруыңыз. Дөңгелек үстел биылғы жылдың 20 сәуірне жоспарланған. Аталған іс-шарада Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен бизнес сектордың өзара әрекеттесуі, мемлекеттік деректерге қол жетімділікті ұсынудың барлық мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Ашық деректер – бұл жалпы қол жетімді ақпарат, оны кейінгі пайдалану мен қайта жариялау үшін компьютерлік бағдарламалармен автоматты түрде өңдеуге болады. Дүние жүзінде қылмыс деңгейі, тұтынылған электр мөлшері туралы және оқушылардың үлгерімі туралы ашық ақпарат негізінде жасалынған пайдалы қосымшалар мен интернет-сервистер қалыпты тәжірибе болып табылады.