Жылдың соңы – салық төлейтін және сыйлықтарды алатын уақыт Баспаға шығару нұсқасы
2013 жылғы 1 қарашаБүгін, 1 қарашада Қазақстанның электрондық үкіметінің «Салық төле де, сыйлық ал!» акциясы бойынша қорытынды ұтыс ойынына қатысуға өтінімді қабылдау басталды.
Оның талаптары бойынша, 2013 жылы салықты онлайн төлеген әрбір eGov.kz пайдаланушысы сыйлықтардың ұтысына қатысуға тіркеле алады. Жеңімпаздарды анықтау Астанада 18 қарашада өтеді.
Акцияның қорытынды ұтыс ойынының сыйлықтары 16 смартфон және дәстүр бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмысқа арналған 50 картридер болады.
Қатысуға өтінімдерді беру үшін кез келген қазақстандық байланыс операторларынан 1414 нөмірі бойынша тегін қоңырау шалып, өзінің төлеу чегінің бірегей кодын, төлеген күнін және ЖСН айту, сондай-ақ байланысу үшін байланыс деректерін қалдыру керек. Әрбір өтініш берушіге жеке тіркеу нөмірі беріледі, ол бойынша ұтыс ойыны өткізіледі.
Өтінімдерді тіркеу 17 қараша сағат 13.00-ге дейін жалғасады.
Портал арқылы төленетін ең танымал салықтар – бұл көлік салығы екендігін атап өтеміз. Оны төлеудің соңғы мерзімі – 31 желтоқсан. Қарашада төлем төлеу арқылы eGov.kz пайдаланушылары жаңа жыл алдындағы әуре-сарсаңды қысқартып қана қоймай, сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне де ие болады.