ҚР "электрондық үкімет" порталында жылдың басынан бастап 800 000 аса пайдаланушылар тіркелді Баспаға шығару нұсқасы
2013 жылғы 5 қараша835 000 пайдаланушылар ағымдағы жылдың өткен 9 айында Қазақстанның электрондық үкімет порталында тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 3,5 есеге артық – 2012 жыл бойы 234 863 тіркелді.
Е-үкімет порталына жалпы кірушілердің саны айтарлықтай өсті (тіркелмеген пайдаланушыларды қосқанда). Өткен 9 айдың ішінде порталға жалпы 2012 жылға қарағанда 2 рет жиі кірген. Бұл ретте кірушілердің басым көпшілігі – Алматы, Астана және Қарағанды облыстары. Кірудің көбіне жоғары деңгейі қыркүйекте белгіленді – 917 000 кірулер.
Порталдың көптеген кірушілері (58%) – 25-тен бастап 34-ке дейінгі жастағылар, тағыда төрттігі – 35-тен 44-ке дейін екендігін атап өтеміз. Ең белсенділері – ерлер (кірушілердің санынан 58% дерлігі).
Кірулердің ең жоғарғысы, орташа алғанда, күніне 11 сағаттардан келеді. Қазақстандықтардың көпшілігі «Жылжымайтын мүлік», «Отбасы», «Көлік және коммуникация» тарауларына кіреді.
Ең көп оқылатын мақалалар: «Қазақстан Республикасында 2013 жылғы мереке және демалыс күндері», «Декреттік демалыс», «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)», «Баланың тууы» және «Барлығы алименттер туралы».
Е-үкіметтің төлем сервсисіне қызығушылық өсті. Бүгінгі күні онлайн-төлемнің сомасы 770 аса млн теңгені құрады (2012 жыл бойы – 140 млн теңге). Транзакциялар 273 581 рет жүргізілді (21 691 рет – 2012 жылы). Бір қызығы, порталдағы төлеушілердің 94% - ерлер.
Пайдаланушылар көбіне мемлекеттік баж салығын төлейді (жылжымайтын мүлік құқықты тіркеуге және олармен мәмілелер, некені тіркеуге және жеке куәліктің құжаттарын беру үшін), олардың үлесіне барлық транзакциялардың 78% тиесілі. Танымалдығы бойынша келесі – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар және салықтық төлемдер.
Еgov.kz арқылы е-форматтағы қызметтердің көптеген санын Әділет министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қаржы министрлігі және Ішкі істер министрлігі ұсынады. Е-үкімет порталы арқылы электрондық қызметтерді әзірше көрсетпейтін мемлекеттік органдардың санына – сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Спорт және денешынықтыру істері агенттігі, Дін сітері агенттігі және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жатады.
Ал тізімі «Аса көбірек сұрау салынатын 10 электрондық қызметтер» төмендегідей:
- Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын алу.
- Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамаларды алу.
- Мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдау үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою және кезектің нөмірін тексеру.
- Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу.
- Жылжымалы мүліктің бар екендігі (жоқ екендігі) туралы анықтаманы алу.
- Соттылығының бар екендігі (жоқ екендігі) туралы анықтаманы алу.
- Облыстық, қалалық және аудандық мұрағаттардан мұрағаттық анықтамаларды алу.
- Жеке қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы анықтама алу.
- Тіркелген заңды тұлға, филиал немес өкілеттілігі туралы анықтама алу.
- Жұмыссыз азаматтармен анықтамаларды алу.
2013 жылғы тоғыз айдың ішінде е-үкімет инфрақұрылымы арқылы 28 миллион әр түрлі е-қызметтер көрсетілген. 1 583 559 электрондық цифрлық қолтаңбалар (ЭЦҚ) берілді, олардың 616226-ы жеке куәліктердің чиптеріне жазылды.
ЭЦҚ құжатқа жазу үшін өзімен бірге жеке куәлікті алып, жақын халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Сондай-ақ ХҚКО-да кез келген адам қызметті дербес қызмет көрсету секторында е-үкімет порталы арқылы ала алады. Connection Point кеңесшілері eGov.kz алғаш пайдаланушыларға көмектеседі.