Талқылауға кіріс - мемлекеттік қызметтердің сапасын бағала Баспаға шығару нұсқасы
2013 жылғы 10 қазанБүгін Астанада баспасөз конференциясы өтті, онда электрондық үкіметтің көпшілік талқылау бойынша сервисінің жаңа мүмкіндіктері ұсынылды. Енді мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары бекітілмес бұрын, пайдаланушылардың барлық пікірлері мен ұсыныстарын ескерумен жетілдіріледі.
Журналистермен кездесуде бұл туралы толығырақ ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Құдайбергенова Айнұр, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары Оспанов Абылайхан және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Байжуманов Тимур айтып өтті.
А.Оспанов қандай да бір қызметті көрсету тәртібін халықтың, яғни осы қызметті алатындардың талқылауы маңыздырақ болатынын атап өтті. 2013 жылғы 15 сәуірде қабылданған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң осы талаптың орындалуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттырудың жаңа тәсілін анықтады. Заңның 15-бабында Қазақстанның электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларына көпшілік талқылау жүргізілетіні, оларды жариялау тізілімге енгізілгеннен кейін жүзеге асырылатыны көрсетілген.
Бұл үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеп, ол 2013 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. А.Құдайбергенованың айтуынша, ол адам өмірінің әр түрлі салаларындағы 647 мемлекеттік қызметті қамтиды.
Мемлекеттік органдар тарапынан ұсынылған тізілімдегі қызмет стандарттары көпшілік талқылау сервисі аясында электрондық үкімет порталында орналастырылған. Ол «Азаматтар мен Үкімет» тарауында орналасқан. Баспасөз-конференциясына қатысушыларға Сервисті қалай пайдалану керектігін «ҰАТ» АҚ төрағасының орынбасары Т.Байжуманов айтып берді.
Келушілер құжат жарияланғаннан кейін бір айдың ішінде өз пікірлерін, ұсыныстарын және ескертулерін қалдыра алады. Талқылау қорытындысы бойынша есеп жасалып, www.egov.kz. порталында орналастырылады. Мемлекеттік қызмет стандартын көпшілік талқылау нәтижелері ескеріліп, пысықталғаннан кейін ғана Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.
Осылайша көпшілік талқылау сервисі мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің барынша айқындылығын қамтамасыз етуге және әр азаматқа норма шығармашылығы қызметіне тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Баспасөз конференциясында сондай-ақ Мемлекеттік қызметтердің жаңа тізілімін бекіткен күннен бастап электрондық үкімет порталындағы талқылау тарауына 5000 астам пайдаланушылар келгені аталып өтті.
Көпшілік талқылауды өткізу туралы ақпараттық буклетті қарау.