Қазақстанның электрондық лицензиялау жүйесінің интерфейсі жаңартылатын болады Баспаға шығару нұсқасы
2013 жылғы 16 қазанЛицензияларды және басқа да рұқсат беру құжаттарын алу процесі бұрынғыдан да қарапайым және ыңғайлырақ бола түсті – қазір е–лицензиялау жүйесінің әзірлеушілері elicense.kz. порталының дизайнын жаңарту және жақсарту жөніндегі кешендік жұмыстар жүргізуде.
2012 жылдан бастап Қазақстандағы барлық лицензияларды беру е-лицензиялау жүйесі арқылы жүргізіле бастағаны баршамызға мәлім. ҚР ағымдағы жылдың басынан бастап 9 айдың ішінде 16 218 электрондық лицензиялар берілді. Олардың ішіндегі ең танымалы құрылыс-құрастыру жұмыстары, медициналық/білім беру және алкоголдік өнімдерді сақтау және өткізу жұмыстары болды. Сондай-ақ сұранысы көптердің ішінде – нотариалдық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар болды. Е-лицензиялардың барынша көп саны Оңтүстік Қазқстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында берілді.
Бұдан басқа, elicense.kz. жүйесі бірыңғай мемлекеттік лицензиялар тізілімі болып табылады, яғни ол арқылы Қазақстан Республикасында берілген әрбір лицензияның дәйектілігін және мәртебесін тексеруге болады.
Процестер, функциялар және ақпараттардың артып келе жатқан көлемі интерфейске жаңа талаптар құрады. Әсіресе әрбір тілек білдірушінің лицензияның навигациясын оңай меңгеріп, өзіне керек тарауды табуы маңызды.
Сондықтан оңтайландыру жұмысында тікелей пайдаланушымен «көзбе-көз» талқылауға үлкен назар аударылады. Қазан айынан бастап Астанада кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен фокус-топтар өткізілуде.
Кездесудің қатысушылары оның қалай болу керектігі туралы өз ұсыныстарын атап өтеді. Атап айтқанда, жеке кабинет мәзірінің түрін өзгерту, басты бетті көбіне ықшамды етіп жасау, ал айдарларды электрондық үкімет egov.kz. порталының мысалы бойынша санаттарға бөлу ұсынылды. Сөздің ретінде eGov порталының редизайны өткен жылы өткізілгенін және әзірлеушілер тікелей пайдаланушылардың пікірлерімен белсенді жұмыс жасалғанын айта кету керек.
Кездесулер аясында жаңа дизайнның алдын ала макеттері көрсетілді. Жақын арада оларды барлық қалаушылар көріп талқылай алады: әлеуметтік желідегі egov.kz беттерінде жақын арада жоспарланатын өзгерістер бойынша толық ақпараты бар шолу пайда болады. Онда фокус-топтың қатысушылары тарапынан айтылған ұсыныстар қосылады. Барлық макеттер пайдаланушылардан пікірлер алғаннан кейін қосымша жетілдірілетін болады.
elicense.kz порталының жаңа интерфейсінде тіпті 2014 жылдан бастап жұмыс істей бастайды.