Global e-Government Forum 2014 қортындысы бойынша қалыптасқан ұсынымдар, БҰҰ мүше-елдерді дамыту жөніндегі Жоспарға енгізілетін болады Баспаға шығару нұсқасы
2014 жылғы 10 қазанАстанада 7-8 қазанда өткен Global e-Government Forum 2014 қортындылары бойынша, халықаралық сарапшылар электрондық үкіметті дамыту жөніндегі бірқатар ұсынымдарды қалыптастырды. Осы ұсынымдар жақын арада 2015 бастап 2025 жылдар бойынша «2015 жылдан кейін тұрақты дамудың мақсаттары» Мүше-мемлекеттер (193 мемлекет) ұйымын дамыту жөніндегі Жоспарға енгізу үшін БҰҰ-на тапсырылатын болады.
«Тұрақты даму: желілік қоғамда әріптестіктің жаңа мүмкіншіліктері» тақырыбына арналған форумда 79 елден АКТ саласындағы мемлекет қайраткерлері, ғалымдар және жетекші сарапшылар қатысты. Пленарлық мәжілісте БҰҰ Бас хатшысының орынбасары У Хунбо және Қазақстанның Премьер - Министрі Казахстана Кәрім Мәсімов әр түрлі елдерден сарапшылар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы тәжірибе алмасу үшін осы іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтумен сөз алды.
Панельдік сессияларда мынадай тақырыптар талқыланды: «Ақылды үкіметтің беталыстары және туындайтын проблемалар», «Ақылды үкіметтің стратегиялық аспектілерін іске асыру», «Мемлекеттік қызметтерге халықты тарту», «Мемлекеттік басқаруға халықты тарту», «Цифрлық теңсіздікті қысқарту», «Ашық деректер және ашық үкімет», «Электрондық қызметтердің эволюциясы» және көптеген басқалар болды.
Форумның аясында сонымен қатар «Ақылды үкімет: ғылым және технологиялар» 28 ұсынылған жобалармен Қазақстанның мемлекеттік органдары ақпараттық жүйелерінің көрмесі ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
7 қазанда соңғы 2 жылда электрондық үкіметті дамытуда айтарлықтай жетістіктерді көрсете білгендерді Біріккен Ұлттар Ұйымымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ББҰ марапаттары мынадай жағдайда таратылды:
«Электрондық үкімет бойынша жоғарғы рейтинг по электронному правительству» номинациясы бойынша бірінші орынды Оңтүстік Корея алды, екіншісі Австралияға, үшіншісі – Сингапурға бұйырды.
«Электрондық үкіметті дамытуда көрнекті прогресс» номинациясы бойынша Бахрейн жеңімпаз танса, екінші орында Жапония, на үшінші орында – Испания болды.
«Өңірлік электрондық үкіметтіі жоғарғы көрсеткіші» номинациясы бойынша жеңімпаздар: Африкада - Тунис, Америкада – АҚШ, Азияда – Оңтүстік Корея, Еуропада – Франция, Мұхит аралдарында – Австралия болды.
«Е-қатысу жаһандық көрсеткіші» номинациясы бойынша екі жеңімпаз: Нидерланды және Оңтүстік Корея.
«Айрықша елдер тобында электрондық үкіметтің жоғарғы көрсеткіші» номинациясы бойынша теңіз шығусыз елдер бойынша - Қазақстан, кіші аралдар дамыған елдері бойынша - Сингапур, ең аз дамыған елдер бойынша - Руанда. Электрондық үкіметті дамыту жөніндегі БҰҰ рейтингінде көшбасшы ұстанымды алатын елдердің өкілдері панелдік сессияларда сөз сөйлей және журналыстардың сұрақтарын жауап бере келе Қазақстанның үлкен жетістіктерін атап өтті.
«Шындығында Қазақстандағы электрондық үкіметтің даму серпіні таң қалдыруда. Ерекшелігі – мемлекетпен тек қана мемлекеттік органнан жеке секторға немесе business-to-business сегментінде электрондық түрде қызметті беру емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың арасында электрондық құжат айналымын енгізуге ерекше көңіл бөлінуде», - деп Сингапур инфокоммуникациялық басшылығың Басқарушы директоры Жаклин По айтты.
«Қазақстандық билікте ұзақ мерзімді перспективада электрондық үкіметті дамытудың бағыттарын нақты көру бар, мен айтар едім, үлкен саяси ерік ойластырылғанды жасайды. Бұл қойылған міндеттерді табысты іске асырудың бірден бір маңызды факторы», - деп Бахрейн Корольдігінің Электрондық үкімет бойынша басқарманың Бас директоры Закария Аль Хаджа есептейді.
«Қазақстандық электрондық үкімет әлемдегі ең үздік электрондық үкімет ретінде дамитын болады, бұны таяу уақытта байқайтын боламыз», - деп Оңтүстік Кореяның Мемлекеттік басқару және қауіпсіздік министрінің бірінші орынбасары Бак Гюрнг гуг айтты.
Канаданың тәуелсіз сарапшысы, Ғаламдық өнеркәсіптік кеңесі Басқармасының Төрағасы, 50 аса ұлттық және халықаралық наградалардың иегері Стефан Ибаракидың айтуы бойынша, қазақстанның электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізу бойынша тәжірибесі Канада да енгізілуі мүмкін деді.
«ЭЦҚ қазір көптеген елдерде белсенді енгізілуде, және ол Канадада кеңінен пайдаланылады. Алайда, Қазақстан бұл салада да алға кеткенін атап өткім келеді, және біз Канадада пайдалана алатындай кейбір сәттер бар. Бізде жоқ нәрсе, сіздерде бар. Соның ішінде, электрондық сервистер: ЭЦҚ пайдаланумен оқу орнына түсу, бизнесті ашу, сотталмағандығы туралы сұрау салуларды ресімдеу. Сондай электрондық сервистер Канадада әзірше іске асырылған жоқ, біздің Қазақстаннан үйренеріміз көп», - деді ол журналистерге берген сұхбатында.
IT-технологияларды дамыту үшін Қазақстанда қалыптасқан қолайлы ортаны атай отырып, Стефен Ибараки Форумның сыртында болған әңгімесінде республика енгізілген технологияны Орталық Азия өңіріндегі көрші елдерде табысты таралымға шығару дәрежесіне жеткендігін мәлімдеді.
Форум аясында Қазақстан Орталық Азия елдері үшін электрондық үкіметті дамыту жөніндегі құзыреттілік орталығы болуға, сондай-ақ басқа мемлекеттермен бірлескен зерттеу орталықтарын құруға дайын екендігі туралы АКТ саласын басқаратын қазақстандық биліктің мәлімдемесі айтылғандығы осының дәлелі.
«Біз құзыреттіліктің өңірлік орталықтарын құруға тиістіміз, ол жағдаяттары ұқсас мемлекеттерге өздерінің білімдері және тәжірибесімен бірлесуге және алмасуға мүмкіндік береді. Біз орталық Азия өңірінде шеберліктің және құзыреттіліктің орталығы болуға дайынбыз», - деді
өткен Форум аясында министрлердің «дөңгелек үстел» барысында ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Асқар Жұмағалиев.
Global e-Government Forum 2012 жылдан бастап өтетіндігін естеріңізге саламыз. Алғашқы екі жылда ол электрондық үкіметті дамытудың көшбасшысы болып табылатын Оңтүстік Кореяда өтті. Қазақстан АКТ және электрондық үкімет саласындағы өзінің жетістіктері арқасында осындай ауқымды іс-шараны өткізу құқығына ие болды, ол ешқашан халықаралық рейтингте атап өтілмеген. Сонымен БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту бойынша рейтингінде осы жылы біздің еліміз 2012 жылмен салыстырғанда 10 позицияға жоғарылап, әлемнің 193 елінің арасынан 28 орынды иеленді (бағалау әрбір 2 жыл сайын өтеді).
Бүгін электрондық үкімет арқылы қазақстандықтар 570 аса қызметтер және сервистерді алады. Барлық лицензиялар тек электрондық түрде беріледі, жылдың соңына дейін рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру процесі аяқталатын болады.
Электрондық үкімет порталында 2,6 млн. аса пайдаланушылар тіркелді, ол Қазақстанның экономикалық белсенді халықтың шамамен 30% құрайды. Күн сайын порталға орташа 47 мың рет кіреді.
2014 жылы Қазақстанда мобильдік үкіметті құруға кірісті. Жоба аясында ендігі осы жылы мобильдік платформаға 50 көбіне талап етілетін мемлекеттік қызметтер және сервистер шығарылатын болады. Бұл ретте SMS, USSD, Push хабарлама, WAP, мобильдік қосымша, GPS навигация және басқаларын қосқанда әртүрлі технологияларды қолдау іске асырылатын болады.
2015 жылы енгізілуі жоспарланатын жаңалықтардың бірі – бұл телефонның SIM-картасына жазылған электрондық цифрлық қолтаңба. SIM-картағы салынған ЭЦҚ ұялы телефонның моделіне қарамастан қызметті алуға мүмкіндік береді, тек SIM-картаны ауыстыру керек болады.