Қазақстандықтар өз автокөлігі үшін техникалық байқаудың қолданылу мерзімін SMS арқылы біле алады Баспаға шығару нұсқасы
2015 жылғы 13 наурызАвтокөлік иелері SMS арқылы техникалық байқаудың қолданылу мерзімі туралы ақпаратты ала алады. Ол үшін «Техбайқау» сөзін және автокөліктің мемлекеттік нөмірін 414 нөміріне жіберу қажет. Мәтіндік хабарламаның нұсқалары төмендегідей болуы мүмкін:
- «Техбайқау автокөлік нөмірі»;
- «Techosmotr автокөлік нөмірі»;
- «Tehnikalyk baikau автокөлік нөмірі»;
- «8 автокөлік нөмірі».
Қызметті алу кезінде пайдаланушы тек SMS-хабарламаның құнын төлейтін болады, ол 7 теңгені құрайды және абоненттің телефон шотынан алынатын болады.
Аталған қызметті алу үшін автокөлік иесі мобильдік үкіметте тіркелу қажет. Оны www.egov.kz электрондық үкімет порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жасауға болады.
Мобильдік үкімет пайдаланушысы сондай-ақ техбайқауды өту қажеттілігі туралы SMS және PUSH-хабарламаларға жазыла алады. Хабарламаға жазылу автокөлік иелеріне техникалық байқаудың қолданылу мерзімі аяқталғанына дейін техникалық байқау орталықтарына бару қажеттігі туралы білуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін: PUSH-хабарлама – бұл смартфондағы іске қосылған бағдарламалардың жоғарғы терезелерінде пайда болатын хабарламалар, олар маңызды өзгерістер, жаңартулар немесе оқиғалар туралы хабар береді. Мысалы, оқылмаған хабарламалар, әлеуметтік желілердегі жаңартылған жағдайлар туралы ескертеді. Бұл хабарламалар тегін болып табылады, тек Интернетке кеткен трафик жұмсалады.
Мобильдік үкіметте электрондық үкімет порталы, ХҚКО және egov.kz мобильдік қосымшасы арқылы тіркелуге болады. eGov порталы немесе моб. қосымшада тіркелу кезінде ұялы телефонның нөмірін көрсету жеткілікті. eGov.kz Мобильдік қосымшаны мобильдік құрылғыға төмендегі сілтемелер бойынша өтіп жүктеуге болады:
- Google Play-дегі eGov.kz Мобильдік қосымшасы (OS Android), (0.0.61 нұсқасы, өлшемі 12 Мб, 2015 жылғы 04 ақпандағы жаңару, талап етілетін нұсқа Android - 4.0 немесе ең соңғысы)
- App Store-дегі eGov.kz Мобильдік қосымшасы (OS iOS), (1.0.4 нұсқасы, өлшемі 23,3 Мб, 2015 жылғы 03 наурыздағы жаңару, талап етілетін нұсқа iOS - 7.0 немесе ең соңғысы).