Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
Он жеті жасқа толған жылы қаңтар – наурызда тіркеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде
- Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктіжәне куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш.
- Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
- Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде).
- Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті алушы әскери есепте тұрған ЖӘБО-дан алады).
- Көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде
- Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті және куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш.
- Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
- Көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді).
Тіркеу туралы куәлік бүлінген кезде
- Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті және куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш.
- Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
- Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (бүлінген кезде).
- Көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді).
Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде
- Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті және куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш.
- Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
- Қолындағы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
- Көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылады.