Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Қызмет электрондық форматта қолжетімді
"Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру"
Қызметті порталда алу:
Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін
- Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
-
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы электрондық құжат.
Қызметті Мемлекеттік органда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):
Сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі.
- Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - электрондық өтінішті алғанын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгілеуі туралы хабарлама бас тарту туралы дәлелді жауап.