Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
Қызметті Мемлекеттік органда (Халықты жұмыспен қамту орталығы және Ауылдық округ әкімі)(қажетті құжаттар):
1. Өтінішті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
- оралман мәртебесі туралы;
- босқын мәртебесі туралы;
- шетелдік мәртебесі туралы;
- азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
- отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
- жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
- мүгедектікті белгілеу туралы;
- баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
- қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
- бала асырап алу туралы;
- некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;
- егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;
- табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
- дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;
- өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
- жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
- атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы;
- өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
- меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
- меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
- меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе Орталық тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.
Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы.
Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Орталық немесе әкім арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы тағайындау туралы, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар ету.