Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтыру және жіберу ( ЭЦҚ талап етілмейді).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Қызмет көрсету нәтижесі
Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.