Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Электрондық форматта қолжетімді
Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Порталда (Қазақстан Республикасы азаматтарының некесін алғаш рет тіркеу үшін):
- Көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге отыратын екі адамның ЭЦҚ-мен (электронды сандық қолтаңба) куәландырылған электрондық өтініш немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
- Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
- Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар).
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады.
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.
Қажет болған жағдайда - өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат.
Заңнамада белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар.
Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады:
- Өтініш.
- Белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер.
- Неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі.
- Заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер.
Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі.
ҚР шегінен тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті (апостилденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) куәліктердің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш беру кезінде некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.