Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке куәлік немесе "Цифрлық құжаттар"сервисіненоның электрондық құжаттары (сәйкестендіру үшін).
- Тіркеу туралы куәлік (әскерге шақырылушылар үшін), әскери билет немесе әскери билет орнына берілетін уақытша куәлік (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар үшін).
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруғакететінін растайтын құжат.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелу орны немесе уақытша тұратын орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кететін азаматтарға 3 данада немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында анықтама не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағазда