Аймақтарды дамыту бағдарламасы – 2020» бағыттары шеңберінде І және ІІІ топ азаматтарынан баспана алу үшін өтініш және құжаттарды қабылдау
Қызметті онлайн қалай алады
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінішті толтыру және өтінішке ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қою.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өтінішті қарау нәтижелерімен танысу.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда қызмет көрсетуге қажет құжаттардың электронды көшірмелерінің тізімі (қажетті құжаттар):
- Неке қию (неке бұзу) туралы, зайыбының өлімі туралы, балалардың туу туралы, өтініш беруші некеге тұрмағаны туралы куәлік;
- Туыстығын растау;
- Өтініш берушінің (3 тармақшада көрсетілген тұлғаларының І санат тобы үшін) Заңның 67 бабы 1 тармағы) және зайып(-тары)ның (ІІІ топ өтініш берушілері үшін) жұмыс орнынан анықтама;
- Отбасы мүшелерінде мүгедектігі немесе кейбір созылмалы аурудың ауыр түрлері бар екенін растайтын анықтама;
- Тұрғын үйдің техникалық жағдайы туралы шарты (ІІІ топтың өтініш берушілері үшін);
- Жылжымайтын мүлікке үлесін растайтын құжат;
- Жылжымайтын мүлікке үлес құқығын растайтын құжат
- Жергілікті атқарушы органнан құлайын деп тұрған (опырылу) балшық және қаңқасы қамыстан жасалған түрдегі тұрғын үйлердің апатты жағдайын растайтын анықтама;
- Балалар үйінен анықтама немесе ата-анасының өлімі туралы куәліктер;
- Оралман куәлігі;
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, экологиялық апаттардың нәтижесінде тұрғын үйден айрылғанын растау;
- Отбасында 4 немесе одан көп балалардың болуын растау.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тұрғын үйді үлестіру туралы ескерту немесе бас тарту туралы ескерту.