Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
Мемлекеттік орган тарапынан техникалық жұмыстар жүргізілуде
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру, өтінімге жер учаскесінің орналасу схемасын қоса беру.
- Оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) 24 сағат ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз.
Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды.
- Оң жауап болған жағдайда «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында жер учаскесін сатып алуды төлеу (төлеп алған жағдайда) және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін алым.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) қызметтің нәтижесімен танысу және қалауыңызға қарай құқықтарды тіркеусіз актіні алу үшін ЖҚО/ЖҚБ бару.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің кадастрлық жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.