Ақпарат

16 шілдеден бастап 42500 теңге мөлшеріндегі бірреттік көмекті төлеу бойынша автоматты түрде жәрдемақы тағайындауға жататын азаматтарға проактивті SMS тарату жұмысы басталды (БЖТ - 1414-тен SMS).

Осы санаттағы проактивті қызметті пайдаланбаған тұлғалар үшін өтінім қабылдау проактивті қызмет көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады (eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz және Aitu платформасы, 18 telegram-бот).

ЖК үшін, АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар) үшін– төлемге өтінім қабылдау жұма күні, 17 шілдеде 15:00 сағаттан кейін басталады (eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz және Aitu платформасы, Halyk және Kaspi банктердің сайттары мен мобильді қолданбалары).

Өз қызметкерлері үшін өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 2020 жылғы 19 шілдеде 10:00 сағаттан басталады ( eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz).

Электронды қызметтерді алу кезінде сіздерде қиындық пайда болса, виртуалды операторға жүгіне аласыз
Көмек
Көмек
Ай бойы келгендердің барлығы:
Кеше келгендердің барлығы:
Қазір порталда:
URL:
Қате:
Пікір:

Спасибо, информация об ошибке принята.

Извините, в данный момент информация об ошибке не может быть обработана.
Попробуйте позже.