Қазастанда құжаттарға онлайн қол қою мүмкіндігі пайда болды Баспаға шығару нұсқасы
2019 жылғы 12 шілде12.07.2019 ж. Ұлттық куәландырушы орталық және Альфа-Банк ақпараттық жүйелерін біріктіру жөніндегі Келісім онлайн форматта қол қойылған ең алғашқы құжат болды. Бұл процедура ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аблайхан Оспанов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Асет Турысов және «Альфа Банк» ЕБ АҚ Басқарма Төрағасы Алина Аникина өздерінің электрондық қолдарын «ezSigner» жаңа платформасының көмегімен қашықтан жүзеге асырғандығымен ерекшеленеді.
Мұндай интеграция ХҚКО бармай, ғаламтор немесе мобильді банкинг арқылы жеке және заңды тұлғаны сәйкестендіруді қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. Яғни, егер тұлға Альфа-Банк клиенті болса, ол ЭЦҚ-ы жоқ болған жағдайда да, тіркеу куәлігін алу жөніндегі өтінімді сол банктің жеке кабинетінде рәсімдей алады.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа «ezSigner» сервисі “ҰАТ” АҚ мамандарымен құрастырылған. Электронды құжатқа қол қоюды немесе тексеруді қажет еткен әрбір адам оны қолдана алады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба және NCALayer бағдарламалық жасақтамасы керек.
“ezSigner” сервисі ақпараттарды криптографиялық түрде қорғау үшін сертификатталған құралдарды пайдаланады және қорғалған байланыс тәртібінде жұмыс істейді. “ezSigner” тексерілген және қол қойылған электронды құжаттарды, сонымен қатар кілттер мен қолданушылардың тіркелген куәлігін сақтамайды және біреуге бермейді. Қол қою үрдісі тікелей клиенттің жағында жүзеге асады. Құрастырушылардың сөзінше, аталмыш сервис адвокаттарға, нотариустерге және көп мөлшердегі құжаттармен жұмыс істейтін басқа да барлық азаматтарға ыңғайлы болады.
Сервистің жұмысымен егжей-тегжейлі танысу үшін “ezSigner”-дің басты бетіне өтіңіз: (https://ezsigner.kz/#!/main).