Ақпараттық хабарлама Баспаға шығару нұсқасы
2023 жылғы 28 наурызҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2 жылдан бастап жұмыс өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларды оқуға түсуге ШАҚЫРАДЫ!
Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 3 сәуір мен 29 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ақпараттық жүйесіне (https://admission.apa.kz) электрондық құжаттарды жүктей отырып, ОНЛАЙН форматта жүзеге асырылады.
ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ үшін ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- Мемлекеттік органның жолдамасы (тек мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсушілер үшін).
- Жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы.
- Білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы (қосымшасымен бірге).
- QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты.
- Еңбек қызметін растайтын құжат (мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік тізім).
- Докторантураның барлық бағдарламаларына және магистратураның «Халықаралық қатынастар» бағдарламасына тапсыратындар үшін: ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі (IELTS, TOEFL, TOEIC).
- докторантура бағдарламаларына түсушілер үшін: зерттеу жұмысы жоспарының жобасы (research proposal).
- ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтініш.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірлері:
☎️8 (7172) 75 33 95
8 (7172) 75 34 43
8 775 075 33 95
8 775 075 34 43
admission@apa.kz