Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанындағы жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) жергілікті , сондай-ақ республикалық деңгейлердегі денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі. Консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы жоғары технологиялық медициналық қызметтер республикалық деңгейде көрсетіледі.
Жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда стационар жағдайында ЖТМК көрсету үшін емхананың немесе ауруханының маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді және оны пациентке береді. жергілікті деңгейде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда БМСК маманы республикалық медициналық ұйымға емдеуге жатқызу мәселесін шешу үшін пациенттің құжаттар пакетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жоғары технологиялық медициналық көмек жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - ЖТМК комиссия) қарауға жібереді
ЖТМК комиссияның шешімі стационарлық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсету үшін азаматтарды республикалық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызудың және КДК нысанындағы ЖММК көрсетуге жіберудің негізі болып табылады.
ЖТМК комиссияның қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
- пациенттің жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 001-3/у нысаны бойынша стационарға, күндізгі стационарға емделуге жатқызуға жолдама;
- пациентті зерттеп-қараудың ең аз қажетті көлемінің нәтижелері (ҚЖТ, НЖТ, (ескіру мерзімі 14 күннен көп емес), кеуде ағзаларының флюорографиясы (ескіру мерзімі 1 жылдан көп емес), электрокардиограмма (ескіру мерзімі 1 айдан көп емес) және НВsАg болуы (ескіру мерзімі 3 айдан көп емес);
- клиникалық диагнозды, зерттеу нәтижелерін көрсете отырып, амбулаториялық картадан/сырқатнамадан көшірме;
- пациенттің клиникалық диагнозын растайтын зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері.
ЖММК комиссия пациенттің құжаттар пакетін сырттай немесе қажет болған жағдайда пациентті бейінді мамандардың комиссиялық қарауына шақыра отырып, қарауға құқылы. ЖТМК комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және пациентті түрлері мен көлеміне және пациент тасымалдануына сәйкес мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін республикалық медициналық ұйымдарға жіберудің негізділігін анықтайды.
Пациенттің құжаттары келіп түскен сәтінен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде ЖТМК комиссиясы хаттама түрінде рәсімделетін шешім қабылдайды.
Республикалық медициналық ұйымдарда пациентке мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖТМК комиссиясы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталына тіркейді және жіберген медициналық ұйымда басылып шығарылған жолдамамен құжаттардың пакетін береді. Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін жоспарлы емделуге жатқызу талонын беріп, пациентті емдеуге жатқызу туралы хабарлайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде пациентке ЖТМҚ ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде ЖТМҚ комиссиясы ағзаны транспланттаудан кейін пациентті дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаражатының бар болуын ескереді..
Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы ағзаны транспланттаудан кейін ТМККК шеңберінде Дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес пациентті қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етеді.
Пациентке ЖТМҚ ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖТМҚ комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталына бас тартуды тіркейді және жіберген денсаулық сақтау ұйымына дәйекті бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін қайтарады..
Республикалық деңгейде КДК нысанында ЖТМҚ ұсыну үшін көрсетілімдері болған кезде МСАК маманы ЖТМҚ комиссиясына қарау үшін пациенттің құжаттарының пакетін жібереді.