Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Мыналарды ауыстырған кезде:
• Құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге және бағалырақ түрге – аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарының қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба.
• Суарылмайтын егістіктерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа құндылығы аз түрлеріне – ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісуші облыстық уәкілетті органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба. - Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екіншісіне ауыстыруға белгіленген жерлердің экспликациясы.
- Басқасына ауыстыру белгіленген ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңдары, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа түрге ауыстыруға белгіленген ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы.
- Жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы.
- Суару желісінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер.
- Жер учаскесі әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.