Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру
Қызметті онлайн алу
- «Электрондық үкімет» веб-порталында авторизациялау, «көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» қызметін таңдау және бастырмасын басу. (Single Sign-On) біріңғай кіру технологиясы арқылы newcab.kazpatent.kz қосымша авторизациясыз жеке кабинетке өту жүзеге асырылады.
- newcab.kazpatent.kz жеке кабинетте өтінімді толтыру және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте және аталған профильде көрсетілген электрондық поштада қызмет көрсету мерзімі ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Қорғау құжатын беру кезінде:
Мемлекеттiк тiзiлiмде (өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, өнертабысқа) қорғау құжатын беру туралы мәліметті енгізу және қорғау құжатының берілгені туралы мәліметті енгізуді жариялау немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қазақстан Республикасының Патент Заңының 26-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерден бұрын мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішхатсыз өтінім берген жағдайда өнертабысқа патент беру туралы мәліметтер он сегіз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге он екі ай өткеннен кейін жарияланады.
2. Қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:
Қорғау құжатына телнұсқа беру немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.