Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
-
Көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал елеулі теріс трансшекаралық әсері туралы ақпаратты қамтитын құжат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы қорытынды.
Қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізудің қажеттілігі немесе жүргізілмеуі туралы және қоршаған орта компоненттерінің қамту саласын айқындау жөніндегі тұжырымдар қамтылған, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың қамту саласын және (немесе) әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.