Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу
Қызметті порталдан немесе мемлекеттік органнан қағаз түрінде (не электрондық түрде (www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесінен) қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тіркеу картасы 3-қосымшаға сәйкес нысан;
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға келесі қосымшалар:
- Ф1 - біріздендірілген нысан «Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері» 4-қосымшаға сәйкес нысан;
- Ф1 – біріздендірілген нысанға "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" титулдық беті 5-қосымшаға сәйкес нысан;
- ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама жетекшісінің қолы қойылған түсіндірме жазба;
- ағымдағы жылы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын, бағдарлама жетекшісі қол қойған құжат; 2-5) Ф1 - түзету нысаны «Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері» 6-қосымшаға сәйкес нысан;
- ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы (жылдық) есеп 7 - қосымшаға сәйкес;
- ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы мәлімет 8 - қосымшаға сәйкес;
- Ғылыми, ғылыми-техникалық жоба/бағдарламаның орындалуы туралы есеп МЕМСТ 7.32-2017 «Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп» Мемлекетаралық стандартына сәйкес ресімделген және ақпарат картасы 9 - қосымшаға сәйкес нысан;
- Іске асырылуы келесі күнтізбелік жылға ауысатын шарттар бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес жобаның іске асырылуы туралы қысқаша мәліметтер 10 - қосымшаға және ақпараттық карта 9 - қосымшаға сәйкес нысандар;
- 11 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін тіркеуге өтінім түрінде ресімделген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі және 12 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді еспке алу жөніндегі нысандар (қажет болған жағдайда) ұсынылады; 13 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі - ҒҒТҚН) туралы мәліметтердің өзгергені туралы хабарлама; 14 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін пайдалану туралы мәліметтер; 15 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін мемлекеттік тізілімінен ҒҒТҚН-ны алып тастау туралы хабарлама.
- Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Қызмет көрсету нәтижесі
Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға – мемлекеттік тіркеу нөмері берілген тіркеу картасы.
Ғылыми-техникалық бағдарламаға – шифр берілген куәлік.
Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың орындалуы бойынша есепке - инвентарлық нөмір берілген ақпарат картасы.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне - мемлекеттік тіркеу нөмері берілген өтінім.