Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу
Қызметті онлайн алу
- «Электрондық үкімет» веб-порталында авторизациялау, «көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» қызметін таңдау және бастырмасын басу. (Single Sign-On) біріңғай кіру технологиясы арқылы newcab.kazpatent.kz қосымша авторизациясыз жеке кабинетке өту жүзеге асырылады.
- newcab.kazpatent.kz жеке кабинетте өтінімді толтыру және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте және аталған профильде көрсетілген электрондық поштада қызмет көрсету мерзімі ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу туралы мәліметтерді Тауар шығарылған жердің атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізу, тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын растайтын куәлік беру және беру туралы мәліметтерді жариялау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.