Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторланып, "Онлайн қызметке тапсырыс" батырмасын басу.
- Міндетті жолдарды толтырып, қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын тіркеу.
- Өтінімге ЭЦҚ (Электронды цифрлы қолтаңба) қою.
- Жеке кабинеттегі "Қызмет алу тарихы" бөліміндегі жазба арқылы статусты парақшаға өту статусты парақшаға өтіп өтінімді келісу.
- Жеке кабинетте ("қызмет алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету нәтижесімен танысу.
- Порталдан құжаттарды қызмет көрсету нәтижелерімен жүктеу және шығарып алу.
- Жауапта көрсетілген мекенжай бойынша әділеттің аумақтық органдарына барып Жалғының (Ереженің) телнұсқасын алу үшін құжаттардың басылып шығарылған нұсқаларын қосып тапсыру.
Қызмет көрсету нәтижесі
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасы немесе бас тарту туралы хабарлама жолданады.