Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою
Астана қаласы бойынша өтінім беру үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз
Құрметті қызмет алушылар!
Мектепке дейінгі ұйымдар үшін кезек тетігінің өзгеруіне байланысты қызмет Қарағанды облысының Шахтинск қаласы,Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы аймақтарда сынақтан өтті.
Қазіргі уақытта жобаны жаңа модель бойынша масштабтау жүргізілуде. Қосу реті бойынша аймақтар, оның ішінде қалалар мен аудандар тізімі төменде қосылатын болады:
Атырау қаласы
Шымкент қаласы
Қарағанды қаласы
Қызылорда облысы,
Жамбыл облысы,
Солтүстік Қазақстан облысы,
Павлодар облысының Шарбақты, Май, Ертіс, Павлодар, Баянауыл, Акқулы, Тереңкөл және Успен аудандары.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою. Аймақты таңдау, ЖСН немесе тегін, атын және баланың туған күнін, байланыс деректерін енгізу.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өңделген хабарламамен танысу. Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін қарау" қызметін пайдалануға болады.
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) МДБМ жолдаманы келісу туралы хабарламамен танысыңыз. Қажеттілігі болғанда пайдаланушының байланыс деректерін өзектілендіру.
- Жеке кабинетте жолдамамен келіскен жағдайда («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) МДБМ-не жолдамамен танысу.
Қызметті онлайн қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Ескерту: Қоса берілетін құжаттардың барынша көп рұқсат етілетін көлемі - 5 МБ аспауы тиіс.
Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.
Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
-
1-қосымшаға және 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
- Баланың туу туралы куәлігі.
- Жеке басты куәландыратын құжат.
- Әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).
- Білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның сканерленген көшірмесі.
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда).
- Фтизиатр-дәрігердің қорытындысы.
- Мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Қызмет көрсету нәтижесі
Кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.